Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу үшін серіктес университеттерге 2025–2026 оқу жылының көктемгі семестріне құжаттар қабылдау ашылды.
Байқауға келесі студенттер қатыса алады:
- серіктес университеттің талаптарына сәйкес шет тілін меңгеру деңгейі бар;
- GPA көрсеткіші 3.0-ден төмен емес;
- қаржылық және академиялық қарызы жоқ студенттер.
Байқауға қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
- Абай атындағы ҚазХҚжӘТУ ректорының атына өтініш;
- Өтініш берушінің сауалнамасы;
- GPA көрсеткішімен бірге ағылшын тіліндегі транскрипт (Hero жүйесінен өз бетінше жүктеп алу қажет);
- Ағылшын тіліндегі мотивациялық хат;
- Шет тілін меңгеру деңгейін растайтын сертификат (болмаған жағдайда, қажетті тілдік дағдылар бар екенін растайтын оқытушының қолы мен мөрі қойылған анықтама);
- Университетте оқу барысында алынған марапаттар, дипломдар мен сертификаттардың (көшірмелері);
- Паспорт көшірмесі (болған жағдайда);
- Жеке куәлік көшірмесі.
.png)






















