2025 жылдың 27 қарашасында, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті 041 – «Бизнес және басқару» мамандығы бойынша Қазақстанның ЖОО студенттері арасында «Бизнес-жоспарлау» пәнінен Өңірлік студенттік конкурс өткізеді.
13 команда қатысады, соның ішінде:
- Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті
- «Астана» халықаралық университеті
- Шәкәрім университеті, Семей қ.
- және Қазақстанның басқа жоғары оқу орындарының өкілдері
Конкурстың мақсаты:
Қазақстан Республикасы студент жастарының ғылыми-зерттеу және инновациялық әлеуетін дамыту.
Бұл конкурс кәсіпкерлік ойлауды қалыптастыруға, бизнес-бастамаларды қолдауға және аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер ете алатын идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік беруге бағытталған.
Қазылар алқасының құрамы (бизнес құрылымдардан):
- Astana Hub — Халықаралық IT-стартаптар технопаркі
- Almaty Hub — Алматы қаласы Цифрландыру басқармасы жанындағы Аймақтық цифрлық технологиялар орталығы
- MOST Business Incubator — стартаптар мен жастар кәсіпкерлігін қолдайтын жеке ұйым
- BRICS Alliance — инвесторлар альянсының өкілі: Муктарқанов Тимур Гайллолаевич
- MEAS Group ЖШС — директор, бизнес-тренер, акселератор, фасилитатор: Евгения Шефер
Ұйымдастыру комитеті:
- ҒЗЖ, СҒЗЖ жетекшісі, халықаралық құқық және бизнес факультеті, э.ғ.к., PhD, профессор — Акпарова А.А.
- «Халықаралық бизнес трендтері» жобасының жетекшісі, э.ғ.к., PhD, профессор — Сариева Ж.И.
- «StartUp» зертханасының жетекшісі, э.ғ.к., PhD, қауымдастырылған профессор — Абинова А.Ю.
- «Бизнес-жоспарлау» пәнінің оқытушысы, сарапшы, тренер, э.ғ.м., аға оқытушы — Отынбай Е.Б.
Өткізу тілдері: қазақ тілі, орыс тілі
Формат: офлайн және онлайн
.png)






















