«Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Білім беру ұйымы) 2026–2027 оқу жылына жатақханалардан орын беру үшін өтініштерді қабылдау, орындарды конкурстық бөлу және жатақханаларға орналастыру тәртібі туралы хабарлайды.
- ЖАТАҚХАНАДАН ОРЫН БЕРУГЕ ӨТІНІШ БЕРУ
2–4 курс білім алушылары үшін өтініш берудің негізгі кезеңі: 2026 жылғы 10–23 тамыз аралығы қоса алғанда.
Өтініш білім алушының HeRo Study Space ақпараттық жүйесіндегі жеке кабинеті арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында және Білім беру ұйымының жатақханалардағы орындарды бөлу қағидаларында көзделген өзге де тәсілдермен беріледі.
Өтініш беру жөніндегі нұсқаулық:
https://www.ablaikhan.kz/ru/for-applicants/for-applicants/settling-in-dorms.html
Бірінші курс білім алушылары өтініштерін 2026 жылғы тамыз айында контингенттің қалыптасуына қарай береді.
Маңызды: 2026 жылғы 23 тамыздан кейін өтініштерді қабылдау тоқтатылмайды. Кейін келіп түскен өтініштер бос орындардың болуына қарай, келіп түсу тәртібімен белгіленген тәртіпте қаралады.
- ӨТІНІШТЕРДІ ҚАРАУ ЖӘНЕ ОРЫНДАРДЫ БӨЛУ
Өтініштер Конкурстық комиссиямен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер мен кезектілік ескеріле отырып, келіп түсуіне қарай қаралады.
- Қарау қорытындысы бойынша жатақханадан орын беру немесе дәлелді бас тарту туралы шешім қабылданады.
- 2–4 курс білім алушыларын орналастыруды ұйымдастыруға арналған бастапқы тізім 2026 жылғы 24 тамызға дейін қаралған өтініштер бойынша қалыптастырылады.
- Кейін қаралған өтініштер бойынша қосымша тізімдер Конкурстық комиссия шешім қабылдауына қарай қалыптастырылады.
- Нәтижелер туралы ақпарат Білім беру ұйымының ресми ақпараттық ресурстарында орналастырылады:
https://www.ablaikhan.kz/ru/for-applicants/for-applicants/settling-in-dorms.html
https://www.ablaikhan.kz/ru/about-us/our-university/news.html
- ЖАТАҚХАНАЛАРҒА ОРНАЛАСТЫРУ
Білім алушыларды, оның ішінде бірінші курс білім алушыларын Білім беру ұйымының жатақханаларына нақты орналастыру 2026 жылғы 25 тамыздан басталады.
Нақты орналастыру жатақханадан орын беру туралы шешім қабылданғаннан, қажетті құжаттар рәсімделгеннен, медициналық рұқсаттан өткеннен, жатақханада тұру қызметтерін көрсету шарты жасалғаннан және шартта көзделген төлем талаптары орындалғаннан кейін жүзеге асырылады.
Нақты тұратын орын Білім беру ұйымы белгілеген тәртіппен қолжетімді орындар, жатақхана қорының нақты сыйымдылығы мен жай-күйі ескеріле отырып айқындалады. Көзделген жағдайларда білім алушыға қолжетімді нұсқалардың ішінен таңдау мүмкіндігі беріледі.
- НАҚТЫ ОРНАЛАСУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР
Жатақханаға орналасу үшін мыналарды ұсыну қажет:
- жатақханадан орын беруге жолдама;
берілетін орны: Алматы қ., Мұратбаев көш., 200, № 1 оқу корпусы, № 7 кабинет;
байланыс тұлғасы: Айманбеков А.А.;
тел.: +7 777 225 5691; +7 (727) 292-38-29;
- жеке басын куәландыратын құжат;
- 075/у нысанындағы медициналық анықтама және медициналық рұқсаттан өту;
- 3 × 4 см көлеміндегі фотосуреттер – 2 дана;
- жатақханада тұру қызметтері үшін төлем жасалғанын растайтын құжат.
Нақты орналастыруға дейін білім алушымен жатақханада тұру қызметтерін көрсету шарты жасалады.
- ТҰРУ МЕРЗІМІ ЖӘНЕ ТӨЛЕМ
Тұру мерзімі тиісті білім беру бағдарламасы мен курс бойынша академиялық күнтізбе ескеріле отырып, шартта көрсетіледі.
Тұру құны шартта белгіленген мерзімге және қолданыстағы Прейскурантқа сәйкес есептеледі. Толық емес күнтізбелік ай үшін есеп айырысу белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Шарт мерзімі аяқталғаннан кейін тұруды тиісті түрде рәсімдеп жалғастырған жағдайда нақты тұрған тәулік саны үшін қолданыстағы тәуліктік тариф қолданылады.
Тұру мерзімі аяқталғаннан кейін білім алушы шартта көрсетілген тұру мерзімінің соңғы күнінен кейінгі күнгі сағат 12:00-ден кешіктірмей алып отырған орнын босатуға міндетті. Осы уақытқа дейін жатақханада тек орынды босату және кету мақсатында болуы тұру мерзімін ұзарту болып саналмайды және қосымша төлем алынбайды.
- ТӨЛЕМ ЖАСАУҒА АРНАЛҒАН БАНКТІК ДЕРЕКТЕМЕЛЕР
Алушы: «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ
БСН: 011140001654
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Мұратбаев көш., 200, индекс A05K2F0
Банк: «Банк ЦентрКредит» АҚ
ЖСК: KZ358560000000010712
БСК: KCJBKZKX
КБе: 17
Төлем мақсаты: білім алушының Т.А.Ә., білім алушының ЖСН, курсы, жатақхана нөмірі, КНП 872 – банк бөлімшесі арқылы төлем жасаған кезде.
Мобильді банктік қосымша арқылы төлем жасаған кезде тиісті банктік сервис сұрататын мәліметтер көрсетіледі.
- БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ
Жатақхана орындарын конкурстық бөлу және орналастыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша:
Айманбеков Айдын Алтайұлы – әкімшілік-ұйымдастыру жұмысы жөніндегі проректор, Конкурстық комиссияның төрағасы.
Мекенжайы: Алматы қ., Мұратбаев көш., 200, № 1 оқу корпусы, № 7 кабинет.
Тел.: +7 777 225 5691; +7 (727) 292-38-29.
Нақты орналастыру және жатақханада тұру мәселелері бойынша:
№ 1 жатақхана – Куришова Айгуль Мейрамбековна, тел. +7 (727) 375-57-36;
№ 2 жатақхана – Сулейменова Кулзира Бейсеновна, тел. +7 (727) 375-57-04;
№ 3 жатақхана – Надырханова Гульжан Кожахановна, тел. +7 (727) 269-82-48.
Білім беру ұйымының Ахуалдық орталығының қызметіне байланысты консультациялар және жедел ақпарат алу үшін төмендегі байланыс деректері бойынша хабарласуға болады:
Сережкина Татьяна Владимировна – әлеуметтік мәселелер және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор.
Тел.: +7 777 704 39 94; +7 (727) 292-54-75.
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it..
Мекенжайы: Алматы қ., Мұратбаев көш., 200, № 1 оқу корпусы, № 106 кабинет.
Айманбеков Айдын Алтайұлы – әкімшілік-ұйымдастыру жұмысы жөніндегі проректор.
Тел.: +7 777 225 5691; +7 (727) 292-38-29.
Мекенжайы: Алматы қ., Мұратбаев көш., 200, № 1 оқу корпусы, № 7 кабинет.
Өтініштерді уақтылы беруді, олардың қаралу мәртебесін HeRo Study Space ақпараттық жүйесінде бақылауды және нақты орналастыруға қажетті құжаттарды алдын ала дайындауды сұраймыз.
.png)






















