«ІІІ Абылай хан оқулары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференциясы өтеді

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕР УНИВЕРСИТЕТІ

2022 жылдың 15 сәуірінде сағат 10:00-де Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде Қазақстанның   қазіргі заманауи тарихының өзекті мәселелеріне арналған «ІІІ Абылай хан оқулары» атты  халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференциясы өтеді. Абылай ханның рөлі мен қазақтың тарихи тұлғаларының орның қайта қарастыру, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, Қазақстан халқы Ассамблеясы.

 Конференцияның тақырыптық бағыттары:

-Қазақстанның қазіргі заманауи тарихының әдіснама сұрақтары,

-Абылай ханның рөлін қайта қарастыру;

-қазақтың тарихи тұлғаларының рөлі мен маңызы;

-қазақстандық патриотизмді қалыптастыру;

-лингвистикадағы, филологиядағы, мәдениетаралық коммуникациядағы заманауи үрдістер;

 -Қазақстан әлемдік саясатта.

Конференцияның мақсаты: Абылай ханның өмір жолын, оның мемлекет қайраткері ретінде қалыптасуы жолындағы факторларды , Абылай дәуіріндегі және қазіргі кезеңдегі  Қазақстанның алдында тұрған міндеттердің ұқсастықтарын зерттеу, сонымен қатар одан әрі зерттеу жолдарын анықтау.

Конференцияға  ғылыми-зерттеу институттарының  қызметкерлері, университет оқытушылары, докторанттар, магистранттар, студенттер және басқа да мүдделі тұлғалар шақырылады.

 Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Жұмыс форматы: Microsoft Teams бағдарламасы негізіндегі онлайн-конференция(https://teams.microsoft.com/l/meetup-join/19%3ameeting_NWRiOGFkYjItNTIwZC00NmE4LWI3ZTctMTRhZWY4MDU3YWEx%40thread.v2/0?context=%7b%22Tid%22%3a%225d9a5e74-c1fc-473c-857f-007ac425de46%22%2c%22Oid%22%3a%2230a001b4-fbfe-4f14-9b20-e45484d75673%22%7d).

Конференцияны өткізу уақыты: 15 сәуір 2022 жыл, сағат 10.00.

Мақалаларды рәсімдеу ережелері:

Баяндама мәтіні (5-6 бет) Word 10 (13, 16, 19) редакторында терілуі тиіс, “Times New Roman" шрифтімен (шрифт өлшемі-12, жоларалық интервал–1,5, барлық жағынан–20 мм) азат жол басында стандартты -1,25 см.

Бірінші жолда жоғарғы сол жақ бұрышында ӘОЖ индексі көрсетіледі. Ортасында-баяндаманың атауы бас әріптермен қалың шрифтпен жазылады. Бос орын қалдырып автордың аты-жөні және тегі қалың шрифтпен жазылады. Келесі жолда-ұйымның, жұмыс орынның, қаланың атауы және автордың электрондық мекен-жайы жазылады. Бұдан кейінгі қатарда  аңдатпа мен түйінді сөздер (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) беріледі.

 Аңдатпа 180-250 сөзден, түйінді сөздер - 10-нан көп болмауы керек, егер мақала қазақ тілінде болса, аңдатпа «Әдебиет» сөзінен кейін, егер орыс тілінде болса аңдатпа «Әдебиет» сөзінен  кейін орналастырылады .Мақаланың тақырыбы, автордың аты-жөні, қызмет ететін мекемесі және дәрежесі ағылшын тіліндегі түйінді сөздермен аңдатпа қазақша және орысша нұсқаларынан кейін орналастырылады.

Негізгі мәтін бір жолдан кейін басталады. ГОСТ 7.80-2000 Мемлекетаралық стандартына сәйкес пайдаланылған әдебиеттер тізімі жасалады.

Конференцияға арналған баяндамалар өзекті ғылыми зерттеулердің нәтижелерін және практикалық маңызын қамту керек.

Баяндамалар төменде көрсетілген электрондық мекен-жайға жіберіледі. Ұйымдастыру жарнасын төлеу туралы құжат  IPEG (ipg) немесе pdf форматындағы сканерленген құжат түрінде электрондық пошта арқылы ұсынылады. Көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін немесе белгіленген мерзімнен кеш жіберілген материалдар қарастырылмайды және авторға қайтарылмайды.

Баяндамаларды және тіркеу формасын ұсыну мерзімі  2022 жылдың 12 сәуіріне дейін.

Конференция материалдарын жинақ ретінде шығару жоспарлануда. Ұйымдастыру жарнасы құрайды : студенттерге-тегін, магистранттар,докторанттар үшін- 2500 теңге,ПОҚ үшін – 3500 теңге.

АҚ «Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдер университеті»

050022, Алматы қ, Мұратбаев көш., 200, 

БИН 011140001654           

ИИК KZ 358560000000010712

АО «БанкЦентрКредит»

БИК КСJB KZ KX     

КБе 16

 Конференцияға қатысу үшін “III Абылай хан оқулары" атты белгісімен есеп айырысу шотына жарна аудару арқылы енгізіледі.

 Конференцияны ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

050022, Алматы қ., Мұратбаев к-сі, 200,

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті,

Халықаралық қатынастар факультетінің қазіргі заманауи Қазақстан тарихы және дүниетаным пәндері кафедрасы.

Қарабаева З. М., Шотанова Г.А., Чатыбекова К.К., Мәлік Ғ.

 Конференцияға қатысу үшін өтінімдер электрондық нұсқада 12 сәуірге дейін e-mail-де қабылданады: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.,

 Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына немесе қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін материалдарды қабылдамауға құқылы.

  Мысалы

ӘОЖ 91(574)

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ   АЙМАҚТЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ  

Жумабаева Б.К., саясат.ғ д., профессор

 Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Алматы, Казахстан, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 Аңдатпа: 180-250 сөз

Түйін сөздер:  10  көп болмау керек

 Мәтін ….

 COVID-19 пандемиясы әлем елдеріндегі  жасырын мәселелерді анықтады, сонымен бірге дамуға,  жаңа мүмкіндіктерге жол ашты және ашады [1].

Әдебиет/ үлгі

  1. Irnazarov F., Vakulchuk R. Discovering Opportunities in the Pandemic? Four Economic Response Scenarios for Central Asia. ilkroadstudies.org/publications/silkroad-papers-and-monographs/item/13380-discovering-opportunities-in-the-pandemic?-four-economic-response-scenarios-for-central-asia.html. 15.01.2022.
  2. Бижанов В.К. Китайская инициатива «Экономический пояс Шелкового пути»     // Вестник КазНПУ им. Абая. Серия «Исторические и социально-политические науки». – 2019.- № 3.
  3. Старр С.Ф. Утраченное Просвещение: золотой век Центральной Азии от арабского завоевания до времен Тамерлана. – М.: Альпина Паблишер, 2016. – 574 с.

 Құрметпен, ұйымдастыру комитеті

Печать