Халықаралық конференция «Лингвистика мен шығыстану ғылымдарының заманауи даму тенденциялары»

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті атақты ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Нелли Сергеевна Пактың 80 жылдығына арналған «Лингвистика мен шығыстану ғылымдарының заманауи даму тенденциялары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады.

Конференция 2022 жылдың 25 қарашасында, сағат 11.00 (ҚР-ның Астана қаласының уақыты бойынша) өткізіледі.

Конференцияның ұйымдастырушылары - Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Шығыстану факультеті, Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-нің Корейтану орталығы, Шығыс филология кафедрасы.

Конференцияның мақсаты: лингвистика мен шығыстану ғылымдарының дамуындағы өзекті мәселелерді талқылау.

Конференцияда келесі секциялар жоспарланған:

  1. Қазақстандағы және шет елдердегі шығыстану ғылымының өзекті мәселелері: қазіргі заманғы міндеттер мен тенденциялар
  2. Шетел тілін оқытудың инновациялық әдістері: мәселелері мен болашағы
  3. Шетел тілін оқытудағы цифрлық және қашықтықтан оқыту технологиялары
  4. Аударма, аударматану және лингвомәдениеттану
  5. Шығыс – Батыс. Тілдер мен мәдениеттер диалогы: пәнаралық зерттеулер.

Кең тақырыптық спектордағы баяндамалар қабылданады, олар жоғарыда аталған бөлімдерде ұсынылуы мүмкін.

Конференция материалдар жинағы конференцияға дейін жарияланады.

 

Өткізілу уақыты: 11.00–13.00 (пленарлық отырысы)

Күні: 25 қараша 2022 жыл

Өткізілу форматы: бетпе-бет отырысы және Microsoft Teams платформасында онлайн отырыс

Мекен-жайы: Алматы қ., Мұратбаев көшесі, 200, 1 ОК, 108

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын, корей тілдері.

Қатысуға ғалымдар, зерттеушілер, сарапшылар, оқытушылар, студенттер, магистранттар, докторанттар, барлық мүдделі тұлғалар шақырылады.

Мақаланы даярлау ережелері:

MS Word мәтіндік редакторы пішімінде терілген мақала көлемі әдебиет тізімімен бірге - 5-7 бет. Шрифт – 14; түрі –  TimesNewRoman; жоларалық интервал – 1, ені бойынша теңестіру. Барлық жағынан 2 см қалдыру, әдепкі қалпы бойынша абзацтық шегініс- 1,25 см.

Беттер нөмірленбейді, тасымалдау  жасалмайды.  «Журналдар, жинақтар, ақпараттық басылымдар. Жарияланатын материалдарды баспа тәсілімен рәсімдеу» МББСТ 7.5-98 сәйкес әдебиеттерге сілтеме квадрат жақшада беріледі, мақалалар жанындағы библиографиялық тізімдер  «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама.  Құрастырудың жалпы талаптары мен ережелері» МББСТ 7.1-2003  сәйкес жасалады [2, 5б.].  Электронды құжаттың  рәсімделуіне назар аударыңыз.

Мақаланың сол жақ жоғарғы бұрышына ӘӨЖ индексі қойылады, шегіністен кейін оң жақта  қанық шрифтпен автор(лар)дың тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, лауазымы, ұйымның толық атауы кәдімгі шрифтпен    жазылады.  Баяндаманың аты беттің ортасымен теңестіріліп, қанық шрифтпен жазылады, соңында нүкте қойылмайды.   Шегіністен кейін  мақала тілінде (қазақ/орыс/ағылшын тілдерінде, 8-10 жол, 70-90 сөз) түйін сөздер мен түйіндеме беріледі, содан кейін ағылшын тілінде түйін сөздер мен түйіндеме (егер мақала қаз/орыс тілдерінде болса. 1,2-үлгі),   мақала ағылшын тілінде болса, түйін сөздер мен түйіндеме қаз/орыс тілдерінде (3,4- үлгі). Келесі жолдан негізгі мәтін басталады.  Суреттер мәтінге берілген сілтемелерден кейін ортаға орналастырылады; MicrosoftWord редакторының кез келген пішінінде; оның жоғарғы жағынан және астынан бос жол қалдырылады.  Суреттің атауы     суреттің нөмірінен кейін сурет астындағы жазбадан бір жол тастап жазылады (1-сурет ...). Сурет атауынан кейін нүкте қойылмайды. Кесте сілтемелерден кейін беттің ортасына жазылады.  Кестеден кейін бос жол қалдырылады. Кестенің  тақырыбы кестенің нөмірінен кейін 1,25 см  шегініс жасап, кестенің үстіне жазылады.   (1-кесте ...). Шрифт: TimesNewRoman, кегль – 12, жоларалық интервал – 1, ені бойынша теңестіру. Кестенің  тақырыбы мәтіннен бөлектеніп, бір жол қалдырылып жазылады. Кестенің тақырыбынан кейін нүкте қойылмайды. Ең соңында әдебиеттер тізімі беріледі:   Мақала қазақ тілінде болса, «Әдебиет», мақала орыс тілінде болса,«Литература», мақала ағылшын тілінде болса, “Reference”  деп жазылады.

Мақалаларды жіберудің соңғы мерзімі -   2022 ж. 31 қазанына дейін.

Халықаралық конференцияның қорытындысы бойынша конференция материалдарының жинағы басып шығарылады.

Мақалаларыңызды келесі электронды мекен-жайға жіберуге болады:  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Тел. +7 701 888 7861 (Ким Светлана Куанышбаевна)

Жариялау құны - 3 500 теңге. Шетелдік ғалымдардың жарияланымы тегін негізде болады.

Ұйымдастыру комитеті конференцияның тақырыбына немесе ғылыми мақалаларды рәсімдеу талаптарына сәйкес келмейтін ұсынылған ғылыми мақалаларды қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.

Тіркеу жарнасын төлеу туралы құжат IPEG немесе PDF форматында құжаттың сканерленген суреті түрінде электрондық пошта арқылы жіберіледі. Көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін немесе белгіленген мерзімнен кейін жіберілген материалдар қаралмайды және авторға қайтарылмайды.


Файлдың атауы автордың  (немесе бірінші автордың) аты-жөніне сәйкес келуі керек.

Қатысу үшін өтінім 

«Лингвистика мен шығыстану ғылымдарының заманауи даму тенденциялары» тақырыбында халықаралық конференция.

Тегі

 

Аты

 

Әкесінің аты

 

Ұйымның атауы

 

Ғылыми дәреже, ғылыми атақ

 

Қатысу формасы

 

Телефон

 

e-mail

 

Баяндаманың атауы

 

Конференцияның тақырыптық бағыты

 

РЕКВИЗИТТЕР

«Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ

Заңды мекен-жайы:

050022, Алматы қ.,  Мұратбаев к-сі, 200

Банк реквизиттері:

СТН 600700016 904

ЖИК   KZ 358 560 000 000 010 712

АБФ     «Банк Центр Кредит» АҚ

БСК       KCJBKZKX

Кбе 16

БСН 011140001654

 Төлемақыны аударғанда «Абылай хан атындағы «Лингвистика мен шығыстану ғылымдарының заманауи даму тенденциялары» тақырыбында республикалық конференцияға қатысу үшін мақсатты төлем» деп міндетті түрде көрсетілуі керек.

Алматыда тұратындар Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ бухгалтериясына келіп төлей алады.

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы, 050022, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Мұратбаев көш., 200

Тел.: +7 701 888 7861

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Мақала үлгісі

УДК  94(560):355.48

 Исатаев Қ.,

докторант специальности «6М020900-Востоковедение»,

Казахский университет международных отношений и мировых языков им. Абылай хана, Алматы, Казахстан, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Аннотация: 180-250 cлов

Ключевые слова: не более 8 cлов

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ ОСНОВА ИССЛЕДОВАНИЯ «ВОЙН ПАМЯТИ»

Аннотация: В статье рассматриваются концептуальные основы исследования «войн памяти», методологические разработки «коллективной памяти», взаимодействие между национальным самосознанием и коллективной памятью, основы формирования «политических мифов».

Ключевые слова: «войны памяти», коллективная память, «политический миф», «изобретение традиций».

Текст статьи

Issatayev  K.,

PhD student of «6М020900- Orientalism»

Kazakh Ablai Khan University of International Relations and World Languages

Almaty, Kazakhstan, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Abstract: 180-250 words

Keywords: no more than 8 words

Theoretical basis of research of "memories wars"

Abstract: The article is concerned with the conceptual bases of memory wars research, methodological development of “collective memory”, the interaction between national identity and collective memory, bases of “political myths” formation.

Keywords: «war memories»,  collective memory, «political myths», «invention of tradition».

Text

Литература / Әдебиет / References

1 Кунанбаева С.С. Теория и практика современного иноязычного образования. -Алматы, 2010. – 344 с.

2  Hobsbawm E. Introduction: Inventing Traditions // The Invention of Tradition. Еd. И E. Hobsbawm and T. Ranger. - Cambridge, 2000. - P. 17.

3  Главу Samsung арестовали по делу о коррупции. – Режим доступа URL:

www.languages.com. - (дата  обращения: 12.10.2018).

Ізгі ниетпен,

Ұйымдастыру комитеті

Печать