“Лингвомәдениеттану әдіснамасы: тәжірибе және инновация контекстінде шет тілді білім беру мамандарын кәсіби даярлаудың өзекті мәселелері” тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстел

АҚ “Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті" сізді психология ғылымдарының кандидаты, профессор Тамара Даниловна Кузнецованың 85 жылдығына арналған “Лингвомәдениеттану әдіснамасы: тәжірибе және инновация контекстінде шет тілді білім беру мамандарын кәсіби даярлаудың өзекті мәселелері” тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстелдің жұмысына қатысуға шақырады.  

Құрметті әріптестер!

Қазақстан үшін басты басымдық – мұғалімдердің біліктілігі, оқулықтардың сапасы, заманауи инфрақұрылым және материалдық ресурстар сияқты негізгі бағыттары бар сапалы білімге қолжетімділікті арттыру. Қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне үздіксіз интеграциялануы жағдайында, мәдениетаралық өзара іс-қимылдың өсіп келе жатқан жағдайында білікті, бәсекеге қабілетті кадрларды сапалы кәсіби даярлауды қамтамасыз ету қажеттілігімен шет тілді білім берудің рөлі артып келеді. Шет тілдерін білудің әлеуметтік-білім беру маңыздылығы қазіргі заманғы білім беру мектебінде (12 жылдық) және шет тілдерінде оқытатын мамандандырылған мектептерде жұмыс істеу үшін когнитивті-лингвомәдениеттану әдіснамасы негізінде шет тіліндегі білім беруді модернизациялау контекстінде қазіргі заманғы маманның кәсіби біліктілігінің міндетті құзыреттілік құрамдас бөлігімен шет тілін оқытуды қамтамасыз етуге арналған.

Осы мәселелерді шешуге өзінің ғылыми-педагогикалық қызметін психология ғылымдарының кандидаты, профессор Тамара Даниловна Кузнецова 60 жылға жуық уақыт бойы Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ жұмыс атқарады. Қазіргі уақытта академиялық кеңестің мүшесі, магистранттардың ғылыми кеңесшісі және шет тілді білім беру әдістемесі бойынша PhD докторы дәрежесін алуға арналған диссертациялар мүшесінде қызмет атқарады. Тамара Даниловнаның жетекшілігімен 13.00.02 мамандығы бойынша 8 кандидаттық диссертация қорғалды. "Оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі Роман-герман және түркі тілдері)" және "7М01711 - шет тілі мұғалімдерін даярлау (ғылыми-педагогикалық бағыт)" білім беру бағдарламасы бойынша 70-тен астам магистрлік диссертациялар. 12 жылдық жалпы білім беретін мектепке арналған ағылшын тілі бойынша бағдарламалар мен оқулықтарды, бакалавриат және магистратура бойынша МЖМБС, ҚР-да шет тілді білім беруді дамыту Тұжырымдамасын әзірлеуге белсенді қатысады.          Кузнецова Т.Д. студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын шебер басқарады, олардың көпшілігі университеттік және республикалық студенттік жұмыстар байқауларында атап өтіледі. Республикалық және халықаралық конференциялардың белсенді қатысушысы Тамара Даниловна ЖОО-ның жұмыс тәжірибесін таратуда маңызды рөлді атқарды. 

Дөңгелек үстелдің мақсаты: шет тілді білім беру мамандарын кәсіби даярлаудың өзекті мәселелерін талқылау лингвомәдени әдістеме, тәжірибені қорытындылау және перспективаларды болжау. 

Дөңгелек үстел жұмысының бағыттары:

1. Бағдарламалардың, оқулықтар мен оқу құралдарының құрылымы мен мазмұнында шет тіліндегі білім берудің когнитивті лингвомәдени әдістемесін іске асыру.                                

2. Қазіргі ақпараттық-коммуникациялық жүйелер мен технологиялар болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығының құрамдас бөлігі ретінде.                        

3. Электрондық ортада болашақ мұғалімдердің ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру.                                    

4. Шет тіліндегі білім беру процесін ақпараттандыру және цифрландыру жағдайындағы тұлғаның танымдық әлеуеті: тәжірибе, мүмкіндіктер және келешегі.

Өткізу күні мен уақыты: 2022 жылғы 1 желтоқсан, 11-00 (Астана, ҚР уақыты), online, offline форматтары.

Дөңгелек үстел ұйымдастырушылары: Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кафедрасы, Шет тілі педагогикалық факультеті, Шет тілді білім беру әдістемесі кафедрасы.

Халықаралық дөңгелек үстел жұмысына қатысуға университет профессорлары, докторанттар, магистранттар, ғылыми-зерттеу институттарының жетекші ғалымдары мен зерттеушілері және Қазақстанда, ТМД елдерінде және алыс шетелдерде шет тіліндегі білім беру мәселелерімен айналысатын басқа да мүдделі тұлғалар шақырылады.

Байланыс телефондары: +7 7272 92-03-84, +7 7272 92-03-85, +7 7272 92-08-05 (ішкі. 1159).

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша халықаралық дөңгелек үстелдің материалдар жинағы шығарылады.

Дөңгелек үстелдің ресми тілдері: қазақ, орыс, ағылшын

Өткізу түрі: offline (күндізгі) және Google Meet платформасында. 

Халықаралық дөңгелек үстелге сілтеме: https://meet.google.com/vtf-vgos-wcq

Өтініштер мен мақалаларды ұсынудың соңғы мерзімі - 2022 жылғы 22 қарашаға дейін.

Дөңгелек үстел нәтижесі ретінде жинақ шығарылады. Мақалаларды келесі электронды мекенжайға жіберу керек: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Тел. + 7 7272 92 03 84, +7 7272 92 03 85, +7 7272 920805  (ішкі 1159). 

Жариялау құны - 3 500 теңге. Шетелдік ғалымдардың жарияланымы тегін негізде болады.

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын. 

Ұйымдастыру комитеті дөңгелек үстелдің тақырыбына немесе ғылыми мақалаларды рәсімдеу талаптарына сәйкес келмейтін ұсынылған ғылыми мақалаларды қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.

Мақаланы жариялауға қойылатын талаптар  

MS Word мәтіндік редакторы пішімінде терілген мақала көлемі әдебиет тізімімен бірге - 5-7 бет. Шрифт – 14; түрі –  TimesNewRoman; жоларалық интервал – 1, ені бойынша теңестіру. Барлық жағынан 2 см қалдыру, әдепкі қалпы бойынша абзацтық шегініс–1,25 см. 

Беттер нөмірленбейді, тасымалдау  жасалмайды.  «Журналдар, жинақтар, ақпараттық басылымдар. Жарияланатын материалдарды баспа тәсілімен рәсімдеу» ГОСТ 7.5-98 сәйкес әдебиеттерге сілтеме квадрат жақшада беріледі, мақалалар жанындағы библиографиялық тізімдер  «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама.  Құрастырудың жалпы талаптары мен ережелері» [2, 5б.] ГОСТ 7.1-2003  сәйкес жасалады.  Электронды құжаттың  рәсімделуіне назар аударыңыз. 

Мақаланың сол жақ жоғарғы бұрышына УДК индексі қойылады, шегіністен кейін оң жақта  қанық шрифтпен автор(лар)дың тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, лауазымы, ұйымның толық атауы кәдімгі шрифтпен жазылады. Баяндаманың (мақала) аты беттің ортасымен теңестіріліп, қанық шрифтпен жазылады, соңында нүкте қойылмайды.   Шегіністен кейін  мақала тілінде (қазақ/орыс/ағылшын тілдерінде, 8-10 жол, 70-90 сөз) түйін сөздер мен түйіндеме беріледі, содан кейін ағылшын тілінде түйін сөздер мен түйіндеме (егер мақала қаз/орыс тілдерінде болса. 1,2-үлгі),   мақала ағылшын тілінде болса, түйін сөздер мен түйіндеме қаз/орыс тілдерінде (3,4- үлгі). Келесі жолдан негізгі мәтін басталады.  Суреттер мәтінге берілген сілтемелерден кейін ортаға орналастырылады; Microsoft Word редакторының кез келген пішінінде; оның жоғарғы жағынан және астынан бос жол қалдырылады.  Суреттің атауы суреттің нөмірінен кейін сурет астындағы жазбадан бір жол тастап жазылады (1-сурет ...). Сурет атауынан кейін нүкте қойылмайды. Кесте сілтемелерден кейін беттің ортасына жазылады.  Кестеден кейін бос жол қалдырылады. Кестенің  тақырыбы кестенің нөмірінен кейін 1,25 см  шегініс жасап, кестенің үстіне жазылады.   (1-кесте ...). Шрифт: Times New Roman, кегль – 12, жоларалық интервал – 1, ені бойынша теңестіру. Кестенің  тақырыбы мәтіннен бөлектеніп, бір жол қалдырылып жазылады. Кестенің тақырыбынан кейін нүкте қойылмайды. Ең соңында әдебиеттер тізімі беріледі: Мақала қазақ тілінде болса, «ӘДЕБИЕТ», мақала орыс тілінде болса, «ЛИТЕРАТУРА», мақала ағылшын тілінде болса, “REFERENCE”  деп жазылады. 

  
Файлдың атауы автордың  (немесе бірінші автордың) аты-жөніне сәйкес келуі керек.  

 

«Лингвомәдениеттану әдіснамасы: тәжірибе және инновация контекстінде шет тілді білім беру мамандарын кәсіби даярлаудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстелге қатысу үшін өтініш  

 

Тегі

               

Аты

 

Әкесінің аты

 

Ұйымның атауы

 

Ғылыми дәреже, ғылыми атақ

 

Қатысу формасы 

 

Телефон

 

E-mail

 

Баяндаманың (мақаланың) атауы

 

Дөңгелек үстелдің тақырыптық бағыты

 

 

РЕКВИЗИТТЕР

«Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ

Заңды мекенжай:

050022, Алматы қ., Мұратбаев к-сі, 200

Банк реквизиттері:

РНН 600700016 904

ИИК   KZ 358 560 000 000 010 712

АГФ «Банк Центр Кредит» АҚ

БИК    KCJBKZKX

Кбе 16

БИН 011140001654

 

 Төлемақыны аударғанда «Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ «Лингвомәдениеттану әдіснамасы: тәжірибе және инновация контекстінде шет тілді білім беру мамандарын кәсіби даярлаудың өзекті мәселелері» тақырыбында республикалық дөңгелек үстелге қатысу үшін мақсатты төлем» деп міндетті түрде көрсетілуі керек.

Алматыда тұратындар Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ бухгалтериясына келіп төлей алады.

Үлгі:

УДК 372.881.111.1

Тургенбаева М.М.

Магистрант

«7M01719 – «Шет тілі мұғалімдерін даярлау»

Абылай хан атындағы Қаз ХҚ және ӘТУ

e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

«ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫ НЕГІЗІНДЕ БОЛАШАҚ АҒЫЛШЫН ТІЛІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ МӘДЕНИАРАЛЫҚ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ»

 

Түйін: Мақала болашақ шет тілі мұғалімдерінің мәдениаралық коммуникативті құзыреттілігін қалыптастырудағы сандық оқу мазмұнының рөліне арналған. Ақпараттық технологияларды қолдану маңызды рөл атқарады, өйткені бұл ең тиімді тәсіл және ақпараттық технологиялардың онжылдығында компьютерлік құралдарсыз білім беру мүмкін емес. Мақала студенттердің мәдениаралық коммуникативті құзіреттілігін қалыптастыру және дамыту мақсатында шет тілін оқытуда заманауи технологиялар мен сандық білім беру ресурстарын енгізу идеясына негізделген. Зерттеудің мақсаты цифрлық білім беру контентін пайдалану негізінде болашақ шет тілдері мұғалімдерін оқыту әдістемесін әзірлеу және цифрлық технологиялар түрлерін талдау болып табылады. Шет тілдерін оқытудың мақсаты басқа мәдениеттер өкілдерімен тиімді диалог жүргізе алатын тілдік тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

Тірек сөздер: құзыреттілік"; цифрлық білім беру мазмұны; цифрлық оқыту ресурсы;" мәдениетаралық коммуникативтік құзыреттілік"; Интернет; мәдениет.

 

Мақала мәтіні

ӘДЕБИЕТ

  1. Кунанбаева С.С. Современное иноязычное образование: методология и теория. – Алматы, 2005. – 264 с.

  2. Hyde Intercultural competence in English language education // Modern English Teacher. Vol. 7, 1998. – №2. – P.7

 

Turgenbaeva M.M.

Master degree student

«7M01719 - Training of foreign language teachers»

Ablaikhan KazUIRandWL

Almaty, Kazakhstan

e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

METHODOLOGY FOR THE FORMATION OF INTERCULTURAL COMMUNICATIVE COMPETENCE OF FUTURE ENGLISH TEACHERS BASED ON DIGITAL EDUCATIONAL RESOURCES

Abstract: The article is devoted to the role of digital educational content in the formation of intercultural communicative competence formation of future foreign language teachers. The aim of the study is to develop teaching methods for future teachers of foreign languages based on the use of digital educational content and to analyze the types of digital technologies.

The use of information technologies plays a significant role, since it is the most effective approach and education is no longer possible without computer tools in the decade of informational technology. 

The purpose of teaching foreign languages becomes the formation of a linguistic personality capable of effectively communicating with representatives of other cultures.

Keywords: «competence»; digital educational  content;  digital learning resource; «intercultural communicative competence»;  ICT; the Internet; culture.

Article text

 

REFERENCE

 

1. Kunanbaeva S.S. Sovremennoe inoyazychnoe obrazovanie: metodologiya i teoriya. – Almaty, 2005. – 264 s.

2. Hyde Intercultural competence in English language education // Modern English Teacher. Vol. 7, 1998. – №2. – P.7

 

Печать