2023 жылғы 27-28 сәуірде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті ҚР Ғылым қызметкерлері күніне арналған "Ұрпақтар диалогы және жаңа бағдарлар" атты жас ғалымдар мен мамандардың IX Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
Конференцияның мақсаты: жас ғалымдардың білімі мен ғылыми зерттеулерінің өзекті мәселелерінің спектрін қорытындылау, тәжірибе алмасу және жаңа идеялар қалыптастыру үшін алаң құру.
Конференция жұмысының негізгі тақырыптық бағыттары ҚазХҚжӘТУ-дің ҚББҒЗ кешендері мен ғылыми-зерттеу инновациялық қолданбалы зертханаларының тақырыптарымен байланысты.
Конференция жұмысының негізгі тақырыптық бағыттары:
- Мәдениетаралық коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастырудағы заманауи тәсілдер.
- Шет тілінде білім берудің инновациялық-ақпараттық кеңістігінің өзекті мәселелері және Қазақстан мен ТМД елдерінің инновациялық-цифрлық дамуындағы ғылымның маңызы.
- Қазіргі шет тілін оқыту: мәселелері мен болашағы.
- Қазіргі әлемнің геосаяси процестері: тәуекелдер мен қиындықтар.
- Шығыстанудың өзекті мәселелері: тіл білімі, аударматану, тарих, экономика, мәдениет, саясат.
- Экономиканың, халықаралық және ұлттық құқықтың, менеджменттің теориялық және қолданбалы аспектілері мен қазіргі тенденциялары.
- Туризм индустриясының, қонақжайлылық пен сервистің дамуының теориясы мен тәжірибесінің өзекті аспектілері.
- Көпмәдениетті және жаһанданушы әлемде қазақстандық жоғары білім беру жүйесінің құндылықтарының трансформациясы.
- Қазіргі педагогикалық білім берудің өзекті мәселелері мен болашағы.
Конференцияға қатысу формасы: тікелей, сырттай.
Өтінімдер мен мақалаларды қабылдау мерзімі – 2023 жылдың 28 сәуір дейін (UTC+6 бойынша 23:50).
Мақала конференцияның жауапты хатшысы - Түсіпова Әлияның электрондық мекенжайына жіберілу қажет: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Тел.+ 8 7272 92 03 84 (ішкі.2418).
Жариялау құны - 3 500 теңге.
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Материалдар авторлық басылымда жарияланады және түзетуге жатпайды.
Ұсынылған материалдардың дұрыстығына авторлар жауапты болады.
Конференция қорытындысы бойынша электронды түрде материалдар жинағы құрылады.
Мақаланың өзіндік ерекшелігінің ең төменгі деңгейі – 75%. АНТИПЛАГИАТ БАҒДАРЛАМАДА МАҚАЛАНЫ ТЕКСЕРУ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА БЕРУ МІНДЕТТІ!
Мақалаға автордың (авторлардың) өтінімі қоса беріледі.
Өтінімді, мақала материалдарын және антиплагиат туралы анықтаманы бір хатпен электрондық пошта мекенжайына жолдауыңызды сұраймыз.