"Жаһандық өзгерістер жағдайындағы ғылым мен білімнің өзекті мәселелері" атты X Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

2023 жылдың 16-17 қарашасында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті "Жаһандық өзгерістер жағдайындағы ғылым мен білімнің өзекті мәселелері" атты X Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференцияның мақсаты: Ғылым мен білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, жаһандық өзгерістер жағдайында жоғары білім сапасын қамтамасыз ету.

Конференция жұмысының негізгі тақырыптық бағыттары:

  1. Біліктілік моделінің лингвомәдени әдістеме негізінде қазіргі шет тілінде білім беру парадигмасы.
  2. Шет тілінде білім беру және кәсіби-коммуникативтік қарым-қатынас.
  3. Өзгеріп жатқан әлемдік тәртіп жағдайындағы қазіргі әлемнің сын-қатерлері мен қауіптері, жаңа көзқарас іздеу.
  4. Филология мен лингвистиканың өзекті мәселелері, әлем халықтары саласындағы зерттеулер.
  5. Цифрлық әлемдегі білім беру өзгерістері.
  6. Монополиясыздандыру жағдайында туризм менеджменті мен халықаралық коммуникацияларды дамыту өзгерістері.
  7. Экономика мен халықаралық құқықтың заманауи үдерістері және өзекті бағыттары.

 

        ХҒПК жұмысына қатысу үшін ЖОО мен колледж оқытушылары, ҒЗИ ғылыми қызметкерлері, докторанттар, магистранттар, студенттер мен мүдделі тұлғалар қатыса алады.

Конференцияға қатысу формасы: күндізгі, сырттай.

Өтінімдер мен мақалаларды ұсыну мерзімі – 2023 жылдың 1 қарашасына дейін (UTC+6 бойынша 23: 50).

Мақала конференцияның жауапты хатшысы - Түсіпова Әлияның электрондық мекенжайына жіберілу қажет: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Тел.+ 8 7272 92 03 84 (ішкі.2418).

Жариялау құны - 3 500 теңге.

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Материалдар авторлық басылымда жарияланады және түзетуге жатпайды.

Ұсынылған материалдардың дұрыстығына авторлар жауапты болады.

Конференция қорытындысы бойынша электронды түрде материалдар жинағы құрылады.

Мақаланың өзіндік ерекшелігінің ең төменгі деңгейі – 75%. АНТИПЛАГИАТ БАҒДАРЛАМАДА МАҚАЛАНЫ ТЕКСЕРУ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА БЕРУ МІНДЕТТІ!

Мақалаға автордың (авторлардың) өтінімі қоса беріледі (7 - бет).

Өтінімді, мақала материалдарын, төлем түбіртегі және антиплагиат туралы анықтаманы бір хатпен электрондық пошта мекенжайына жолдауыңызды сұраймыз.

Ақпараттық хат

Печать