«Есірткісіз болашақ» конференциясы

Құрметті әріптестер!

2023 жылы 27 қазанында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің Халықаралық есірткіге қарсы күрес және заңдылықты сақтау (INL) бөлімімен бірлесіп «Есірткісіз болашақ» атты жыл сайынғы Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

Конференция жұмысында келесі мәселелерді талқылау жоспарлануда:

  1. Нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясат;
  2. Негізгі бағыттар қолданыстағы заңнаманы және осы саладағы құқық қорғау және арнайы органдардың қызметін жетілдіру;
  3. Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл әдістері;
  4. Мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың, нашақорлықтың алдын алу профилактикасындағы белсенділігі;
  5. Интернет-ресурстар мен мобильді қосымшалар арқылы таратылатын синтетикалық есірткі құралдарының, сол тектестер мен прекурсорларының психотроптық заттарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл;
  6. Есірткі қылмыстарынан алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимыл;

Конференция өткізу форматы аралас (онлайн/офлайн),  онлайн форматы ZOOM бейнеконференция байланысы арқылы қосылады.

Конференцияға қатысу үшін Сізден 2023 жылғы 17 қазанға дейінгі мерзімде  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық мекен-жайына қатысушының тезистерін, баяндамалар мен мақалаларды эл. форматта жіберуіңізді сұраймыз. (талаптар қоса беріледі).

Жұмыс нәтижелері бойынша ашық баспасөз арнайы жинағында шығарылады. Мақалалардың қолжазбалары қайтарылмайды. Ұсынылған материалдың мазмұны үшін автор жауап береді. Мәтіндегі оның мазмұнына әсер етпейтін өзгерістер мен қысқартуларды, редактор автордың келісімінсіз жасай алады.

Конференцияның басталуы сағат 10.00. (Астана қаласы уақыты бойынша).

Жұмыс тілдері қазақ, орыс, ағылшын. Конференция материалдары «Есірткісіз болашақ» жинағында жарияланады.

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Печать