"Ұрпақтар диалогы және жаңа бағдарлар" атты жас ғалымдар мен мамандардың X Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы

2024 жылғы 11-12 сәуірде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті ҚР Ғылым қызметкерлері күніне арналған "Ұрпақтар диалогы және жаңа бағдарлар" атты жас ғалымдар мен мамандардың X Республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

Конференцияның мақсаты: жас ғалымдардың білімі мен ғылыми зерттеулерінің өзекті мәселелерінің спектрін қорытындылау, тәжірибе алмасу және жаңа идеялар қалыптастыру үшін алаң құру.

Конференция жұмысының негізгі тақырыптық бағыттары ҚазХҚжӘТУ-дің   ҚББҒЗ кешендері мен ғылыми-зерттеу инновациялық қолданбалы зертханаларының тақырыптарымен байланысты.

Конференция жұмысының негізгі тақырыптық бағыттары:

  1. Шет тілінде білім беру әдістемесінің өзекті мәселелері.
  2. Мәдениетаралық коммуникация контекстіндегі лингвистиканың, әдебиеттанудың және аударматанудың өзекті мәселелері.
  3. Шығыстану мен аймақтанудың өзекті мәселелері. Халықаралық қатынастар тарихы мен сыртқы саясаттың өзекті мәселелері; Жаһандық және аймақтық тұрғыдағы заманауи халықаралық қатынастар.
  4. Халықаралық ынтымақтастықтың өзекті тенденциялары: экономикалық-құқықтық аспектілері.
  5. Жаһандану жағдайында туризм және қонақжайлылық индустриясын дамыту теориясы мен практикасының өзекті аспектілері. Жаңа экономикалық және геосаяси жағдайлардағы бұқаралық коммуникация және PR.
  6. Білім берудегі қазіргі тенденциялар: жасанды интеллект, компьютерлік лингвистика және қашықтықтан оқыту.

Конференцияға қатысу формасы: күндізгі, сырттай.

Өтінімдер мен мақалаларды ұсыну мерзімі – 2024 жылдың 12 сәуір дейін.

Мақала конференцияның жауапты хатшысы - Түсіпова Әлияның электрондық мекенжайына жіберілу қажет: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Тел.+ 8 7272 92 03 84 (ішкі.2418).

Жариялау құны - 3 500 теңге.

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Материалдар авторлық басылымда жарияланады және түзетуге жатпайды.

Ұсынылған материалдардың дұрыстығына авторлар жауапты болады.

Конференция қорытындысы бойынша электронды түрде материалдар жинағы құрылады.

Мақаланың өзіндік ерекшелігінің ең төменгі деңгейі – 75%. АНТИПЛАГИАТ БАҒДАРЛАМАДА МАҚАЛАНЫ ТЕКСЕРУ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА БЕРУ МІНДЕТТІ!

Мақалаға автордың (авторлардың) өтінімі қоса беріледі (7 - бет).

Өтінімді, мақала материалдарын, төлем түбіртегі және антиплагиат туралы анықтаманы бір хатпен электрондық пошта мекенжайына жолдауыңызды сұраймыз.

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Tags: Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать