Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кафедрасы мен шет тілін оқыту әдістемесі кафедраларының ұйымдастырумен 21 ақпан 2020 жылы сағат 14.30-да ҚазХҚжәне ӘТУ-де «Шет тілін оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті мен ҚазҰҚызПУ-дың «6M011900 - Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша магистранттарға ғылыми тағылымдама бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Тағылымдама Абылай хан атындағы ҚазХҚжәне ӘТУ «Когнитивті-лингвомәдени әдістеме негізінде шет тілді білім беруді жаңғырту» деп аталатын І Инновациялық ғылыми-зерттеу зертханасы шеңберінде өткізілді.