2019 жылдың 30-шы қазанында Халықаралық Туризм менеджменті кафедрасы "Рухани Жанғыру" орталығының басшысы Б.Е Сержановтың қолдауымен "Шексіз шеберлік" атты көркем көрме-конкурсын өткізді. Көрмеге Туризм, Мейрамхана Ісі және Қонақ Үй бизнесі, Журналистика, Қоғаммен байланыс мамандықтарының 1 және 4 курс студенттері, сондай-ақ Халықаралық Туризм менеджменті және Халықаралық коммуникация кафедрасының оқытушылары қатысты. Қатысушылар орындалған жұмыстарын пейзаж, натюрморт, тұрмыстық композиция, реалистік бейнелер және абстрактілі мотивтер сияқты түрлі жанрларда; маймен кескіндеу, акварель, гуашь, фотосурет, көлемді аппликация, бисер өру, пэчворк, құрастыру, квиллинг сынды түрлі техникаларда ұсынды.