Настоящий "Порядок рецензирования научных статей, подаваемых в "Хабаршысы-Известия КазУМОиМЯ им. Абылай хана"" утвержден на заседании Ученого Совета, протокол №1 от 29.08.2019г.
Настоящий "Порядок рецензирования научных статей, подаваемых в "Хабаршысы-Известия КазУМОиМЯ им. Абылай хана"" утвержден на заседании Ученого Совета, протокол №1 от 29.08.2019г.
21.09.2019 ж. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті Шығыстану факультетінің студенттері студенттік кеңестің ұйымдастыруымен Ой-Қарағайға саяхаттап қайтты. Факультет жастарының әнмен шырқап бастаған саяхаты, табиғаттың тамаша тартуы - әсем жерлерді көрумен және қызықты ойындармен жалғасты. Факультетіміздің атынан ұйымдастырушы белсенді студенттерімізге алғыс білдіреміз!
2019 жылдың 19 қыркүйегінде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті шығыстану факультетінің студенттері Тебриз университетінің профессорымен кездесті. Арнайы шақыртумен келген профессор Әли Акбар Ансарин шығыстану факультетінің деканы Дәуен Д.Б. және парсы бөлімінің оқутышылары мен студенттерімен кездесті.
«Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ әскери дайындық кафедрасында жаңа оқу жылы басталды. Әскери кафедрада оқу үшін студенттер оқудын бірінші жылына қабылданғанын атап өткен жөн.
Әскери кафедрада студенттер арнайы дайындық, өртке қарсы дайындық, әскери топография, жалпы тактика және тағы басқа пәндерді оқиды.
2019 жылдың 21-қыркүйек күні Халықаралық қатынастар факультетінің 1-3 курс студенттері, тәрбие ісі жөніндегі деканның орынбасары Исалиева А.М., ХҚ және Аймақтану кафедрасының меңгерушісі Қалиева А.А., және куратор Шұқыжанова А.Н Кім Асар шатқалына сапармен барды. Бұл таулардың көркі көз жауын алатын қасиетімен танымал.
2019 жылдың 19 қыркүйегінде, халықаралық қатынастар факультетінің екінші курс студенттері Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен "Тұрақты даму-2030 мақсаттарын жүзеге асырудағы университеттердің рөлі" атты бірінші пленарлық сессияға қатыстық.
18.09.19 Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-нің студенттері «Атамекен» Үлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен кездесті. Кездесу мотивациялық сипатта өтті. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері «Жас Кәсіпкер» жаңа жастар бағдарламасын ұсынды және іскер сауаттылықтың артықшылығы туралы, 100 мың студенттер мен 29 жасқа дейінгі жастарға кәсіпкерлікті үйренуге, грант немесе пайдалы несие алып, жеке кәсіп ашуға болатындығы туралы айтты. Кездесуде «Атамекен» Үлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері жетістіктері туралы айтып сонымен қатар болашақ кәсіпкерлерге кеңестер берді.
2019 жылдың 14 қыркүйегінде Халықаралық қатынастар факультетінің оқытушылары мен студенттері Қазақстандағы Фридрих Эберт Қоры және Орталық Азияны зерттеу орталығы (CASC) бірлесіп КИМЭП-те ұйымдастырылған жыл сайынғы ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Конференция тақырыбы: «Бір белдеу, бір жол - геосаяси шындық». Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстаннан келген қонақтармен бірге ХҚФ студенттері мен оқытушылары аталмыш тақырып аясында пікір алмасу мүмкіндігі болды.
2019 жылғы 10-15 қыркүйекте Ташкентте Сингапур менеджментті дамыту институтында “II Millenialls Tourism Fest” халықаралық жастар фестивалі өтті, оның мақсаты - кіретін және шығатын туризмді насихаттау, мәдениетаралық алмасу және елдер мен университеттер арасында жаңа қатынастарды орнату.
Іс-шараға қатысқандар:
- Абылай Хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетіне (Қазақстан) оның ішінде халықаралық туризм менеджменті кафедрасынан 10 студент және 3 оқытушы (Айтжанова А.Е. м.ғ.д., Нурпейісова Л.С. ф.ғ.к., Бейсенова Г.К.);
2019 жылдың 13 қыркүйегінде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің шығыстану факультетінде Васеда университетінің (Жапония) гуманитарлық ғылымдар факультетінің профессоры Ацуши Огихара бастаған делегациясымен кездесу өтті. Делегация құрамында 11 адамнан тұратын Васеда университетінің докторанттары, магистранттары және бакалавриат студенттері болды. Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ тарапынан кездесуге жапон тілін "Шетел филологиясы" және "Шығыстану" мамандықтары бойынша оқитын студенттер қатысты.
Халықаралық қатынастар факультетінің оқытушылары мен студенттері, халықаралық қатынастар аясында болашақ мамандарды даярлаудың тиімділігі туралы өз ойларымен бөлісе алды. Сонымен қатар, кездесу барысында Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі С.С. Құнанбаева және ҚР СІМ-нің Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Е.У. Искаков жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, ақ тілек, кеңестерін білдірді. Нәтижесінде, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ және ҚР СІМ-нің Алматы қаласындағы өкілдігі арасында келісімге қол қойылды.