Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде 6 наурыз күні, сағат 15-00 де, 108 аудиторияда жалпы университеттік «Қазіргі қоғамдық ғылымдағы жаңа замандық методологиялық мәселелер» тақырыбында жоғарғы оқу орнынан кейінгі кафедраның ұйымдастыруымен теория- методологиялық семинар өтті. Кафедраның профессоры, ф.ғ.д., Булекбаев С. Б. өзінің баяндамасымен шығып, қазіргі қоғамдық ғылымдағы методологиялық мәселелерді көтерудің маңыздылығын айқындап, ортақ талқыға салды. Қазіргі таңдағы экономика, саясат және мәдениет салаларындағы универсалды теория мен дәстүрлі жүйелерді түсіндіру қиынға түсуде.