18 желтоқсан – Халықаралық араб тілі күніне орай 2022 жылдың 12 желтоқсанында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің «Шетел филологиясы (шығыс тілдері)» және «Шығыстану» білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан араб тілін оқитын 2-4 курс студенттері мен оқытушылар Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде араб халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлерімен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға қатысты. Іс-шарада Біріккен Араб Республикасы университетінің Халықаралық мәдени дипломатия институтының директоры, доктор Мухаммад Камал әл-Моаини, Мысыр Араб Республикасының уақфтар министрі Мухаммад Мухтар Джумга мен Мысыр жоғары оқу орнының жетекші ғалымдары мен ұстаздары, филологтар, тарихшылар, мәдениеттанушылар және бұқаралық ақпарат өкілдері болды.
.png)






















