Қазақ-ағылшын сөздігін құрастыру идеясын алғаш рет 2011 жылы Қазақстандағы АҚШ елшілігі ұсынған болатын. 2011 жылы басталған жоба 2014 жылы аяқталып, қазақша-ағылшынша онлайн сөздігі ретінде жарық көрді. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен Ұлттық аударма бюросында сөздік жұмысы қайта жанданды, оның аясында сөздік толықтырылып, өңделіп, редакцияланып, 2023 жылдың соңында Qxford Qazaq Dictionary деген атпен 10 000 дана басып шығарды.