2024 жылдың 20 ақпанында шығыстану факультетінде шығыс филологиясы кафедрасының қытай тілі бөлімінің оқытушысы Райхан Багиланың жетекшілігімен 306 топ ұйымдастырған “Қытай елінің өнері мен мәдениеті” атты қызықты және танымдық іс-шара өтті.
2024 жылдың 20 ақпанында шығыстану факультетінде шығыс филологиясы кафедрасының қытай тілі бөлімінің оқытушысы Райхан Багиланың жетекшілігімен 306 топ ұйымдастырған “Қытай елінің өнері мен мәдениеті” атты қызықты және танымдық іс-шара өтті.
2024 жылғы 19 ақпанда 207/3 аудиторияда сағат 10:55-12:40 аралығында э.ғ. к., ассоц профессор С. О. Читанова "Халықаралық бизнес" білім беру бағдарламасының 4 курс орыс бөлімі студенттерімен Іскерлік ойын түріндегі "ҚР сыртқы саудасы" тақырыбында ашық сабақ өткізді.
2024 жылдың 19 ақпанында «Менеджмент және маркетинг» кафедрасы ғылыми-зерттеу жұмыстарының аясында және интеллектуалды студенттік үйірменің жоспарына сәйкес «Маркетингтегі инновациялар: трендтер мен стратегиялар» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
2024 жылдың 16 ақпанында Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-де "Лудомания. Жастар арасындағы суицидтің алдын алу" тақырыбында халықаралық қатынастар, құқық және бизнес факультетінің студенттері қатысты. Семинар-тренингке бастамашы болған "Aq Jol" жастар денсаулық орталығының және №7 қалалық емхананың қызметкерлері студенттерді цифрлық көрсеткіштермен таныстырып, лудоманияның себептері және жастар ортасында суицидтік бейімділікке қарсы күрестегі алдын алу шаралары туралы айтты. Сондай-ақ, әлеуметтік, кәсіби, материалдық және отбасылық құндылықтар шеңберінде жауапкершілікке қайтарылатын ойынға тәуелділіктен шығудың жолын іздейтін адамдар қалпына келтірілетін мамандандырылған орталықтардағы психологиялық көмек мәселелері қозғалды.
Бүгінгі адамзат өмірінің болмысын киноөнерісіз елестету мумкін емес. Әр дамыған елдің құндылықтары катарында есепке алынатын бұл өнер біздің Отанымыз Қазакстан Республикасында да қарқынды дамып келеді. 2024 жылдын 15 ақпанында қазақ кино өнерінің негізін қалаушылардың бірі- Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың туғанына 110 жыл толды.
14 ақпан күні «Журналистика» және «PR» білім беру бағдарламаларының студенттері Алматы қалалық ІІД ресми өкілі, полиция полковнигі Салтанат Азирбекпен кездесті.
Шынайы және жалған ақпарат арасындағы күрестің заманауи шындығында «Журналистер мен ішкі істер органдарының баспасөз қызметтерінің өзара іс-қимылының құқықтық негіздері» атты кездесу тақырыбы өте өзекті.
2024 жылдың 13-ақпанында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Аударма және филология факультетінің синхронды аударма кафедрасы студенттер арасында «Синхронды аудармашы» байқауын сәтті өткізді. Іс-шара шығармашылыққа, тілдік шеберлікке және студенттердің аудармашылық дағдыларының тамаша көрсетіліміне толы болды.
2024 жылдың 13 ақпанында "Қоғаммен байланыс" мамандығының студенттеріне PR эксперті Асель Алимхановадан "PR мамандығының қоғамға әсері" тақырыбына мастер класс өтті.
2024 жылдың 12 ақпанында Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-де Түрік Республикасының Алматыдағы Бас консулы Эврен Мудеррисоглу және Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулдығының білім беру атташесі Коркмаз Айхан мырзамен Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-нің басшылығы, профессорлық-оқытушы құрам және түрік тілін оқып жатқан студенттермен кездесу өтті.
Мемлекеттік тіліміздің қолдау аясын кеңейтіп, қоғамдық санаға орнықтыру, ақиық ақынның жалынды жырлары арқылы жастардың азаматтық және патриоттық әлеуетін дамыту мақсатында Университетіміздің Идеология және қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай 9 ақпан күні «Ақиық ақын - Мұқағали» атты студенттер арасында байқау өтті.
Қазақ-ағылшын сөздігін құрастыру идеясын алғаш рет 2011 жылы Қазақстандағы АҚШ елшілігі ұсынған болатын. 2011 жылы басталған жоба 2014 жылы аяқталып, қазақша-ағылшынша онлайн сөздігі ретінде жарық көрді. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен Ұлттық аударма бюросында сөздік жұмысы қайта жанданды, оның аясында сөздік толықтырылып, өңделіп, редакцияланып, 2023 жылдың соңында Qxford Qazaq Dictionary деген атпен 10 000 дана басып шығарды.