06.02.2024 жылы Қазақстан Халық партиясының Алматы қалалық филиалымен бірлесе отырып, Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-де Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 35 жылдығына арналған «Адамгершілік салауатты тұлғаны қалыптастырудағы азаматтық-патриоттық тәрбиенің рөлі» әлеуметтік акциясы өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты еліміздің Президенті Қ.К. Тоқаевтың бейбіт уақытта да үлкен міндеттерді атқаратын армияның өсіп келе жатқан рөлін көрсететін тұжырымдамасын қолдау болды.