EDUQAS ЖОБАСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МОНИТОРИНГІ

Ағымдағы жылдың 27 сәуірінде Эразмус+ бағдарламасының «Университет-Бизнес-Мемлекет ынтымақтастығы арқылы Оқу Сапасын Қамтамасыз Ету Жүйесін ЖОО енгізу (EDUQAS)» жобасын іске асыру жұмыс тобының мүшелері - Халықаралық ынтымақтастық департаментінің басшысы

М.С. Нұғманова және Халықаралық жобалар мен рейтингтер бойынша координатор Т.А. Ербосынов Астанада, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің қабырғасында өткен EDUQAS жобасының мониторингіне қатысты.

Жобаның мақсаты серіктес елдердің жоғары оқу орындарында студенттерді жұмысқа орналастыруды ұлғайтуға әкелетін тиімді ішкі сапа стандарттарын әзірлеу арқылы білім сапасын қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру болып табылады. Ішкі сапаны бақылау жүйесі Қазақстан мен Украина университеттеріндегі қажеттіліктер мен мүмкіндіктерді талдауға, Болон үдерісі шеңберінде үздік сапа кепілдігі жобаларының тәжірибесі мен үздік тәжірибесіне негізделетін болады. Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ жобаның Қазақстан бойынша координаторымен қатар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі,  Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті және Аккредитация және рейтингтің тәуелсіз агенттігі жоба серіктестері.

Мониторингте Қазақстандағы Эразмус+ Ұлттық кеңсесі директоры Ш.Ө. Тасболатова Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті ректоры С.А. Абдыманапов және Стратегиялық даму және халықаралық қызметі жөніндегі проректор А.Н. Тоқсанова, Аккредитация және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің ақпараттық-талдау жобасының бас маманы Кыдырмина Н.А. және т.б. қатысты. Кездесу кезінде жобаның барысы мен күтілетін нәтижелер талқыланып Ш.Ө. Тасболатова мониторингтің алдын ала қорытындысымен таныстырды.

master class

Печать