Эразмус+ ЖБПА жобаларының кластерлік кездесуі

EDUQAS жобасын іске асыру жұмыс тобының мүшелері «Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының аясындағы жоғары білім беру әлеуетін арттыру бойынша құрылымдық жобалардың әсерін және тұрақтылығын қамтамасыз ету» Кластерлік кездесуіне қатысты.

15 мамыр күні « Университет-Бизнес-Мемлекет ынтымақтастығы арқылы Оқу Сапасын Қамтамасыз Ету Жүйесін ЖОО енгізу (EDUQAS)» жобасын іске асыру жұмыс тобының мүшелері

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің базасында өткен «Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының аясындағы жоғары білім беру әлеуетін арттыру бойынша құрылымдық жобалардың әсерін және тұрақтылығын қамтамасыз ету» Кластерлік кездесуіне қатысты.

Кластерлік кездесудің мақсаты - құрылымдық Эразмус+ Жоғарғы білім әлеуметін арттыру жобаларының мақсаттары мен нәтижелерімен жоғары оқу орындар мен жұртшылықты  таныстыру; олардың ұлттық деңгейде әсерін арттыру жөніндегі шараларды талқылау және нәтижелерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Аталған шарада Қазақстан бойынша Эразмус+ үлестірушісі Тасбулатова Ш.Ө., ҚР БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің өкілі Құдіретоллаева Р.О., Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Есполов Т.И. сөз сөлеп Қазақстан бойынша жобаларыдың таныстырылымы өтті. Солтүстік-Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Өмірбаев С.М. жүргізген дөңгелек үстелде жобалар бойынша жасалған тұжырымдар мен ұсынымдар талқыланып, жоба қатысушылары мен серіктестеріне ұсыныстар берілді, озық практика мен үздік тәжірибе мысалдары анықталды.

master class

Печать