«Шетелдік ғалымдар мен кеңесшілерді Қазақстанның жоғары оқу орындарына тарту» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша дәрістер циклын бастады

Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университеті ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Шетелдік ғалымдар мен кеңесшілерді Қазақстанның жоғары оқу орындарына тарту» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша дәрістер циклын бастады.

2018 жыл 17 кыркүйек пен 5 қазан аралығында  университеттің оқытушылары, докторанттары мен магистранттарына танымал халықаралық  сарапшы, Вармин-Мазур университетінің (Олштын қ., Польша) профессоры А.К.Киклевич «Антропологиялық лингвистика» тақырыбында дәрістер курсын оқыды.

Антропологиялық лингвистиканың бастамасы мен қазіргі жағдайы, ұлттық мектептері мен парадигмалары, оның  ағымдағы проблемалары мен заманауи бағыттары туралы дәрістер курсын таңдағаннан кейін қатысушылар коммуникацияның семиотикасы, қолданбалы прагмалингвистика, құқықтық лингвистика, еуроролингвистика, медиалингвистика, геролингвистика, гендерлік лингвистика жөнінде терең түсінік алды. Қарастырылып отырған проблемалар қазіргі заманғы қоғам үшін де, студенттер үшін де күрделі және сұранысқа ие болып табылады.

Шетелдік сарапшы оқыған курстар тыңдаушыларға лингвистиканың жаңа әдістерін үйренуге мүмкіндік береді.

master class

master class

Печать