«Еріктілер Лигасы - бірінші «Almaty Film Festival» кинофестивалі қатысушалары

Алматы қаласында 15-19 қыркүйек аралығында  бірінші «Almaty Film Festival» кинофестивалі өтті. Біз Қазақ Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетінің  «Халықаралық  қатынастар» факультетінің  2 курс студенттері Қалиева Аружан, Жазылбек Алибек және Дүйсенгалиева Адина осы шараның еріктілері ретінде өз үлесімізді қостық.

15 қыркүйек күні фестивальдің ашылуы болды. Республика сарайының алдына еліміздің танымал актерлері, режиссерлері, профюссерлері жиналды. Қызыл кілемнен барлық жұлдыздарды көруге мүмкіндік болды. Бұл іс-шараның негізгі жұмысын еріктілер атқарды, соған орай шараның жоғары деңгейде өтуіне бізге үлкен жауапкершілік жүктелді. Еріктілер әр түрлі университеттің студенттерінен құралды. Олардың арасында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, СДУ және тағы басқа да оқу орындарынан талапты жастар өз үлесін қосты. Осы іс-шара арқылы біз жаңа достар тауып, лидерлік қабілетімізді шыңдадық.

Бізді ұйымдастырушылар түрлі бағыт бойынша бөлді. Біздің бағытымыз түрлі елдерден келген меймандарды қасында жүру болды. Солардың ішінде Франция, Германия, Китай және Корей мемлекеттері бар.

Осы іс-шара арқылы шетел тілін білудің маңыздылығын түсіндік. Бұл біз үшін тілімізді жаттықтыруда керемет мүмкіндік болды. Шетелден келген меймандармен  тек ағылшын тілінде қарым-қатынас орнатуға тырыстық.

Бұл фестивальдің бағдарламасы өте қызықты болды. Тек қана кино көрсетілімдері ғана емес, дөңгелек үстел, пресс-конференциялар және тағылым сыныптары өтті. Бұл іс-шара біздің тек ұйымдастырушылық қана емес, Қазақстандағы және әлемдегі кино жайлы біраз ақпараттпен танысуға мүмкіндік берді. Осындай іс-шараға қатысуымызға септігін тигізген университет әкімшілігіне және  «Еріктілер Лигасына» алғысымызды білдіреміз.

Мақала авторы:Калиева Аружан Мерекеқызы

«Халықаралық қатынастар » факультетінің 2 курс студенті

master class

master class

Печать