Студенттер қатарына қабылдау шарасы өтті

28 қыркүйек Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ жаңа оқу жылында университетімізге түскен бірінші курс студенттеріне араналған «студенттер қатарына қабылдау» салтанатты шарасы өтті.

Биылғы оқу жылында  университетке 2500-ден астам студенттер қабылданды. Олардың арасында «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық байқаулар мен олимпиадалардың жеңімпаздары, «НЗМ» түлектері мен  мектепті үздік бітірген оқушылар бар.

Шара бірінші курс студенттерінің салтанатты шеруімен басталды.  Студенттерді университетке еңбек сіңірген ұстаз, филология ғылымдарының докторы, профессор Қ. Т. Рысалды құттықтады. Дәстүр бойынша жоғарғы курс студенттері бірінші курс студенттеріне символдық студенттік билет, білім кітабын және білім алауын табыстады.

Салтанатты шараның концерттік бағдарламасы «Umberto-project» тобының хит әндерімен басталып, университет студенттерінің ән-билеріне ұласты. Шараға жиналған жұрт студенттік хор және  «Нұрби» би тобының,  «Жаңғыру» ұлттық аспаптар оркестрінің өнерін тамашалады.

Шара соңында студенттер танымал хит әндерге биледі және ең қызықты сәттерді әлеуметтік желілерде бөлісті.

Ақ жол, құрметті бірінші курс суденттері!!!

Терең білім алып, жарқын болшаққа қадам басыңыздар!!!

master class

master class

master class

master class

Печать