«Антропологиялық лингвистика» тақырыбындағы дәрістер курсы

Танымал халықаралық  сарапшы, Вармин-Мазур университетінің (Олштын қ., Польша) профессоры А.К.Киклевич «Антропологиялық лингвистика» тақырыбында университеттің оқытушылары, докторанттары мен магистранттарына арналған дәрістер курсын аяқтады.

Курсқа қатысқан оқытушылар, докторанттар мен магистранттар саны 80-ге жуық.

Антропологиялық лингвистиканың бастамасы мен қазіргі жағдайы, ұлттық мектептері мен парадигмалары, оның  ағымдағы проблемалары мен заманауи бағыттары туралы дәрістер курсын таңдағаннан кейін қатысушылар коммуникацияның семиотикасы, қолданбалы прагмалингвистика, құқықтық лингвистика, еуроролингвистика, медиалингвистика, геролингвистика, гендерлік лингвистика жөнінде терең түсінік алды. Барлық қатысушыларға салтанатты түрде сертификаттар табысталды

Әрине, бұл курс аяқталғанмен, шетелдік ғалымдардың дәрістері циклы аяқталмады, керісінше ары қарай жалғасады!  Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университеті ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Шетелдік ғалымдар мен кеңесшілерді Қазақстанның жоғары оқу орындарына тарту» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша дәрістер циклын жалғастырады.

master class

master class

Печать