Жұлдызы күні «Алматым Аңсарым»

«Халықаралық қатынастар» мамандығының 1-ші курс студенттері, Абылай атындағы ҚазХҚжӘТУ  қыркүйек айының 27-інші жұлдызы күні «Алматым Аңсарым»  атты ақындар мүшәйрәсі соңына барған.   Әдебиет әлемі ұйымдастарған,жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры арқау болған.

Еліміздің түкпір – түкпірінен жиналған қаламы төселген ақындарымыз өнерлерін көрсетіп,дүйім жұрттың назарын аудартты. Қоғамға,елге шамшырағын жағып жүрген біртуар ақындар қалам сермеп, талай жүрекке демеу болып көременнің жүрегінен орын тепті. Осы кешке мұрындық болған, мыңның ағасы Мұратхан Шоқан « бұл мүшәйрә өткен жылдан бастау алған,енді жыл сайын өткізу жоспарда бар. Жас ақындарды қолдау мақсатында,ақындар арасында байқау жүргізген болатынбыз. Жастар сіздер бақыттысыздар, қай салада болмасын жетістікке жетуге құлшынсаңыздар сіздерді қолдап қорғайтын аға буын ағаларыңыз бар. Біздің орталық талантты жастар мен жұмыс жасайды және адам боламын деген балаға есік ашық » - деп жұрттың тұңғиығын түлетті.

master class

master class

Печать