«Жайдарман» жайдары күлкі сыйлады

Әзілсіз және күлкісіз өмірдің сәні болмайды,  «Күлкі – өмір көркі» деп тегін айтылмаса керек. Университетімізде 25-ші қазан күні студенттердің естен кетпес  кеші – Жайдарман ойындары өтті. Көңілді әрі қызықты өткен кеш студенттер қауымының көңілін бір серпілтіп тастады. Бұл жолы сайыста 9 команда бақ сынады.

Айта кетейік, командалар көрсеткен астарлы әзіл, қызықты сахналық қойылым мен  студенттердің актерлік шеберліктері көрермен көңілінен шықты. 

 Қазылар алқасы ойыншылардың сөз тапқырлығына, образды ашу шеберліктеріне, және көрермендер белсенділігі  назар аударды.  

Ойын нәтижесінде кубокті «Демал» командасы иеленді, сонымен қатар үздік ойыншыларға үлкенді-кішілі кубоктармен мақтау қағаздары табысталады. 

Бұл «Жайдарман», естен кетпес жайдарман болды!  

master class

master class

master class

master class

Печать