Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университеті ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Шетелдік ғалымдар мен кеңесшілерді Қазақстанның жоғары оқу орындарына тарту» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша дәрістер циклын жалғастыруда.

2018 жылы 26 қазан мен 13 қараша аралығында  «Аударма ісі» мамандығының оқытушылары, докторанттары мен магистранттарына шетелдік ғалым, Магдебург-Стендаль Университетінің профессоры   Х. Шварц (Германия) «Кәсіби аудармаға кіріспе» және «Функционалды аудармаға кіріспе» тақырыбында дәрістер курсын оқиды.

Оқытушылар үшін терминологиялық жұмыстағы тәжірибе бойынша тренинг және аударма сапасын қамтамасыз ету жөнінде мастер-класс өткізетін болады.

Сондай-ақ «Шет тілін оқыту тәжірибесі,  инновациялары мен перспективалары» тақырыбында халықаралық конференция өткізу жоспарланып отыр.

Печать