Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университеті ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Шетелдік ғалымдар мен кеңесшілерді Қазақстанның жоғары оқу орындарына тарту» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша дәрістер циклын жалғастыруда.

2018 жылы 26 қазан мен 23 қараша аралығында  университеттің оқытушылары, докторанттары мен магистранттарына Сиракуз  университетінің (АҚШ) профессоры Ольга Матьяш «Тұлғааралық коммуникация» тақырыбында дәрістер курсын оқуда.

 Профессор О.Матьяш тұлғааралық, мәдениетаралық коммуникация тәжірибесі, тіл және вербалды коммуникация, вербалды емес коммуникация, тұлғааралық коммуникациялар және эмоциялар, тұлғааралық қақтығыс тақырыптарында дәрістер оқиды.

Дәрістер курсын тыңдаған соң қатысушылар коммуникация туралы жан-жақты ақпараттар алады: Біз не үшін қарым-қатынас жасаймыз? Тұлғалар арасында қарым-қатынас қалай жүзеге асады? Коммуникация біздің басқалармен қарым-қатынасымызға қалай ықпал етеді? Қалай білікті коммуникатор болуға болады? Білікті коммуникация құруды үйренеді.

Сондай-ақ тыңдаушылар бизнес-қақтығыстар, келіссөздер жүргізу,  насихаттау, қарым-қатынас жасау және ықпал ету әдістері туралы білімдерін толықтыра алады.

Печать