16.11.2018 жылы Шығыстану факультеті

16.11.2018 жылы Шығыстану факультеті, Таяу Шығыс аймағының тілдер және аударма кафедрасы, араб тілі бөлімі оқытушыларының  ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы Египет мәдени орталығының  директоры, Египет Араб Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің кеңесшісі, доктор, профессор Хемдан Ибрахим мырзамен кездесу өтті.

Кездесу барысында факультет деканы Дәуен Динара Бақыткерейқызы Араб елдері мен Қазақстан  арасындағы  ынтымақтастықтың одан ары өркендей түсетініне және қазақ, араб халықтарының арасында  достық қарым-қатынастың жалғаса беретініне сенім білдіре отырып,  доктор, профессор Хемдан Ибрахим мырзаға университет атынан алғыс хат пен факультет атынан естелік сыйлықты ұсынды. Сонымен қатар, факультетіміздің студенттері араб тілінде Хемдан мырзаға арнап ізгі тілектерін білдірсе,  профессор Египет пен Қазақстан арасында мәдени қарым-қатынастың әрі қарай жалғаса беретінін айтып, университетке, факультет ұжымына өзінің алғысын білдірді.

16.11.2018 жылы, сағат 15.40та, Шығыстану факультетінде, Таяу Шығыс аймағының тілдер және аударма кафедрасы, араб тілі бөлімі оқытушысы ф.ғ.к., доцент Ш.Б. Қожабекованың ұйымдастыруымен «Таяу Шығыс: Сириядағы босқындар мәселесі» атты шеберлік сағаты араб бөлімінің 3 курс студенттерінің қатысуымен 3 бөлімге бөлініп өткізілді.

1-бөлімде Таяу Шығыс мемлекеттері мен Сирия Араб Республикасы туралы қысқаша мәлімет беріліп, САР босқындар жағдайы журналист интервьюінде  баяндалды (слайд, видео қолдану арқылы).2-бөлімде Пресс конференция: тікелей эфирде босқындар мен САР азамат соғысы, террормен күрес мәселесі бойынша САР, РФ, Германия, Түркия мемлекет басшылары өз ойларын білдірді.Сонымен қатар, қатысушылар тарапынан  тікелей эфирде сөйлеушіге сұрақтар қойылып, босқындар мәселесін шешу жолдары талқыланып, соғыс барысында  туындаған қиындықтар және оны  аяқтауды іске асыру мәселелері қарастырылды. (Пресс-конференцияда слайд, бейне роликтер кеңінен қолданылып,аудармашылар көмегімен  тақырып толықтырылып отырды ). 3-бөлімде сабақтың мақсатына сай қарастырылған мәселелерді жинақтап, қорытындылады.

Факультетіміздің атынан студенттер үшін пайдалы жоғары дәрежеде өткізілген шеберлік сағаты  үшін ұйымдастырушыларға өз алғысымызды білдіреміз.

Печать