Тарихты терең білу – болашаққа айқын бағдар

29 қарашада университетімізде «Концепт «Рухани жаңғыру» мәдени мұра құндылықтары және жастардың тарихи санасы» тақырыбында  жыл сайынғы «Қазақстан тарихын озық білуші» студенттік олимпиадасы ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай өткізілді. Шараны Қазіргі Қазақстан тарихы және дүниетанымдық пәндер кафедрасының оқытушы-профессорлары ұйымдастырды.

Олимпиаданың мақсаты – ҚР Тұңғыш Президентінің және Ұлт көшбасшысының тарихи рөлі мен  ҚР Тәуелсіздігінің маңызы мен мәні, құндылықтары жайлы студенттердің таным-түсініктерін кеңейту.

Танымдық олимпиадада 1 курс студенттерінің озат әрі белсенді студенттерінен құралған 6 команда сайысқа түсті. Олар:  «Арыстан», «Эрудит», «Жетісу барыстары», «Көкжал», «Дәуір балалары» және «Жаңа ұрпақ». Олимпиада 4 кезеңнен тұрды:

  1. Сәлемдесу
  2. Жаттығу (сұрақ-жауап)
  3. «Үздік презентация»
  4. Викторина ( команда капитандары сайысы).

Олимпиада қорытындысы бойынша 1-орынды «Дәуір балалары» командасы, 2-орынды «Эрудит» командасы, 3-орынды «Көкжал» командасы иеленді. Жеңімпаз командаларға және қатысушыларға сыйлықтар, дипломдар және сертификаттар табысталды.

Печать