Спорт жігерлендіреді!

 Бүгінгі күнде спорт әрбір адамның өмірінің ажырамас бір бөлігіне айналды. Сабақтан немес жұмыстан кейін дене шынықтыру және кешті көңілді өткізу үшін спортзалға барамыз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы ғана шыңдалмайды, ерік-жігері де шыңдалып қайратты, сенімді бола түседі. Сенімнің арқасында алдына қойған мақсаттарына қалайда жету жолында еңбек пен білімге ұмтылады. Университетіміздің дене шынықтыру кафедрасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында студент-жастар арасында баскетбол, волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ, теннис секілді спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырды. Қызу тартысты ойында баскетболдан 1-орынды ШтПФ-і, 2-орынды МжХКФ-і, 3-орынды - АжФФ-і иеленді.

Ал волейболдан 1-орынды ЭжҚФ-і, 2-орынды ШФ-і, 3-орынды МжХКФ-і алды.

Қыздар арасында баскетболдан 1-орынды ЭжҚФ-і, 2-орынды АжФФ-і, 3-орынды ХҚФ-і иеленді.

Волейболдан 1-орынды МжХКФ-і, 2-орынды ШтПФ-і, 3-орынды ШФ-і алды.

Тоғызқұмалақ ойыны бойыншы аралас командалық ойында 1-орында ШтПФ-і, 2-орында ЭжҚФ-і және 3-орында МжХКФ-і тұрды. Үстел теннисі бойынша жеке жарыста Қазбеков М. (ЭжҚФ-і), Сапабек М. (ХҚФ), Буланбаев М. (ЭжҚФ), қыздар арасындағы ойында Болатхан А. (МжХКФ), Кан О. (ШФ), Мухаметқалиева (ШтПФ) сынды студенттер жеңіс тұғырынан көрінді.

Шахматтан Утепбергенов Б. (ЭжҚФ), Тынышкулов Р. (АжФФ), Зарипов А. (МжХКФ-і), қыздар арасында: Мамбетжан А (ШтПФ), Умарова А. (МжХКФ), Адилжанова А.(ХҚФ) секілді студенттер жеңімпаз атанды.

Жалпы қорытынды бойынша: 1-орын ШтПФ-іне, 2-орын ЭжҚФ, 3-орын МжХКФ-іне тиесілі болды.

Жеңімпаз факультеттер мен студенттерді құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жеңістер тілейміз!

Салауатты өмір салты, спорт және дене шынықтырудың біздің өмірімізде алатын орны ерекше әрі маңызды. Спорт тән саулығы ғана емес, рухани қуат береді, алға ұмтылуға, биіктерді бағындыруға көмектеседі. Қазақта «Тәні саудың-жаны сау» деген ұлағатты сөз бар. Ондай болса, достар, спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстанайық!

Денсаулығымыз мықты, жеңісті күндеріміз көп болсын!!!

 

 

 

Печать