Ашық есік күні!!!

 22 ақпанда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті болашақ абитуренттерге өз есігін айқара ашты. Ашық есік күні – мектеп оқушылары өз армандарына бір қадам жақындап, «оқуға түссем» деген мақсаттарын жүзеге асыру жолдарымен танысты. Талапкерлер мен ата-аналар университетке түсу үшін қажетті әрі маңызды ақпараттармен танысып қана қоймай, біздің білім беру бағдарламамыздың бағытынан да хабардар болды.

Ашық есік күні – біздің университетіміз үшін нағыз мереке.  Оқытушылар да студенттер де талапкерлерді жылы қарсы алып, олардың барлық сұрақтарына жауап беруге дайын болды. Талапкерлер оқуға түсу үшін межелі балл туралы, оқу бағдарламалары мен академиялық жүктемелер жайлы қажетті ақпарат алды.
ҚазХҚжӘТУ-дің дәстүрлі Ашық есік күнінде университетке жиналғандар көп болды. Жоғарғы сынып оқушылары мен ата-аналар және педагогтар университет оқытушылары мен студенттерімен сұқпаттасып, олардан нақты әрі толыққанды ақпарат алды.

Осы күні талапкерлер мен ата-аналар Алматы қаласынан ғана емес Алматы облысынан келіп факультет декандарымен сөйлесіп, қабылдау комиссиясының талаптарымен де танысуларына мүмкіндік берілді. Сонымен қатар Абылайхан атындағы ҚазХҚжӘТУ жайлы толыққанды әрі жан-жақты ақпарат берілді.

 Университет қызметкерлері мен студенттері талапкерлерге оқу орнына түскеннен кейінгі өмірлері мен оқу орнының тыныс-тіршілігімен таныстырды. Талапкерлерге мазмұнды презентациялар, фильмдер және маман дайындау бағыттары мен білім беру бағдарламалары көрсетілді. Талапкерлер факультет декандарына, қабылдау комиссиясының мүшелеріне, әскери кафедра мамандарына өз сұрақтарын қойып, толыққанда жауап алды. 

Мамандықтардың таныстырылымынан кейін университет студенттері талапкерлерге зейіні мен зердесін шыңдайтын интерактивті ойындар ойнатты. Талапкерлер ойынға қызыға белсенді қатысып, сұрақтарға дұрыс жауап бергендері тәтті сыйлықтар(шоколадтар) алды. Талапкерлер көтеріңкі көңілде түскен фотоларын Instagram парақшаларына салып жатты.

Естеріңізге сала кетейік, көктемнің ортасына қарай Абылайхан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дің әрбір факультеті өздерінің болашақ студенттеріне «Ашық есік» күнін өткізеді!

Біздің сайттағы ақпараттармен танысып отырыңыздар!

Печать