«GOLDEN VOICE» эстрадалық әндер байқауы

23 ақпан күні Алматы қаласындағы  ЖОО студенттері арасында «GOLDEN VOICE» эстрадалық әндер байқауы өтті. Бұл шараны «Қазақстан студенттері альянсы» ұйымдастырды. Алматы қаласындағы ЖОО-нан 180 студент жастар байқауға қатысуға жиналды. Байқауға қатысушылар әртүрлі тақырыпта әндер шырқады. Байқауға қатысқан 180 дарынды жастың 18-і іріктеліп финалға өтті. Біздің университеттен «GOLDEN VOICE» байқауына Менеджмент және әлемдік коммуникация факультетінің 2-курс студенті Алмат Нұрғазы қатысқан болатын. Алмат жақсы өнер көрсетіп, финалға өткен 18 студенттің қатарынан табылды. Байқаудың гала-концерті ҚазМемҚызПу-да өтті. Университетіміздің дарынды студенті Алмат Нұрғазы «Үздік сахна образы» дипломымен марапатталды. Алматты жеңісімен құттықтаймыз, шығармашылық табыстар тілейміз!

Печать