Сіз «cheer» көшбасшы екеніңізді көрсетіңіз!

   Сіз осы мақаланың атауында «CHEER» сөзін байқаған боларсыз. Бұл кездейсоқ емес, өйткені біз тек университетімізді ғана емес, сонымен бірге Қазақстан Республикасын халықаралық аренада абыроймен қорғаған черлидинг көшбасшылары туралы сөйлесетін боламыз. Бұл спорт американдық фильмдердің арқасында танымал болды. Көрермендерге сұлу қыздар, олардың қолдарында помпондар, әуенді әндерге билегендері ұнады. Қазір бұл спорт түрі көптеген жас және жігерлі адамдардың жүрегін жаулап алған.

   Бұл спорт түрінен жарыстар көптеген елдерде өткізіледі, және биыл 23-26 тамыз аралығында Сеулде (Оңтүстік Корея) студенттер арасында Азия чемпионаты ұйымдастырылды, ол  Азия Студенттік Спорт Федерациясының (AUSF-Asian University Sports) қолдауымен өтті. Осы халықаралық жарыста 11 елдің командалары қатысты: Қытай, Таиланд, Жапония, Корея, Малайзия, Моңғолия, Сингапур, Қазақстан, Беларусь. Қазақстан ұлттық құрамасын 3 дуэт қорғады. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері (Нұр-Сұлтан), Қазақ технология және бизнес университетінің студенттері (Нұр-Сұлтан) және Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің студенттері. Біздің студенттеріміз Канатбекова Дана (ЭжҚФ, 3 курс) және Керн Кристина (ЭжҚФ, 2 курс) University Pom Doubles және University Hip Hop Doubls категориялары бойынша жарысқа қатысып 79 ұпай жоғары алып өз отандастарынан озып, 4 орынға ие болды. Тең күрестің нәтижесінде орындар келесі тәртіппен бөлінді: Қытай -1 орын, Малайзия -2 орын, Монғолия -3 орын, және Қазақстан - 4 орын. Қыздарымызды және жаттықтырушы Закржевская Людмила Александровнаны тамаша нәтижемен құттықтаймыз.

   Людмила Александровна біздің спортшыларды Дана мен Кристинаны ғана емес, сонымен қатар осы жарыстарда еліміздің атынан шыққан бүкіл Қазақстан құрамасын дайындады.

   «Қазақстандағы жастар жылы» аясында біздің спортшыларымыздың әлемдік студенттік жарыстарға қатысуы біздің университеттің басшылығының  жастарды дамытуға деген көңілінің дәлелі! Алда әлі көптеген жарыстар мен жеңістер бар, онда біз ең жақсы нәтижелерімізді көрсетеміз.

Печать