2019 жылдың 12-қыркүйегінде Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де халықаралық қатынастар факультеті және ҚР СІМ-нің Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы, Е.У. Искаковпен кездесу болып өтті.

     Халықаралық қатынастар факультетінің оқытушылары мен студенттері, халықаралық қатынастар аясында болашақ мамандарды даярлаудың тиімділігі туралы өз ойларымен бөлісе алды. Сонымен қатар, кездесу барысында Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі С.С. Құнанбаева және ҚР СІМ-нің Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Е.У. Искаков жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, ақ тілек, кеңестерін білдірді. Нәтижесінде, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ және ҚР СІМ-нің Алматы қаласындағы өкілдігі арасында келісімге қол қойылды.

Печать