Халықаралық жастар фестивалі «II Millenialls 'TourismFest»

          2019 жылғы 10-15 қыркүйекте Ташкентте Сингапур менеджментті дамыту институтында “II Millenialls Tourism Fest” халықаралық жастар фестивалі өтті, оның мақсаты - кіретін және шығатын туризмді насихаттау, мәдениетаралық алмасу және елдер мен университеттер арасында жаңа қатынастарды орнату.

     Іс-шараға қатысқандар:
- Абылай Хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетіне (Қазақстан) оның ішінде халықаралық туризм менеджменті кафедрасынан 10 студент және 3 оқытушы (Айтжанова А.Е. м.ғ.д., Нурпейісова Л.С. ф.ғ.к., Бейсенова Г.К.);

- Селчук университеті (Түркия);
- Қазақ спорт және туризм академиясы (Қазақстан);
- Б.Н. Ельцин атындағы Қырғыз-Ресей Славян университеті (Қырғызстан);
- Қырғыз туризм академиясы (Қырғызстан);
- Тәжік Славян университеті (Тәжікстан);
- «Жібек жолы» халықаралық туристік университеті (Өзбекстан);
- Самарқанд мемлекеттік шет тілдер институты (Өзбекстан);
- Бухара мемлекеттік университеті (Өзбекстан);
- Ургенч мемлекеттік университеті (Өзбекстан).

Фестивальдің ашылу салтанатында доктор Ж.Салихов құттықтау сөз сөйледі, содан кейін фестиваль қатысушыларының гала-концерті өтті, түрлі іс-шаралар өткізіліп, Ташкенттегі MDIS кампусына саяхат жасалды.

12 қыркүйекте фестиваль қонақтары үшін Өзбекстанның ежелгі қалаларының бірі - Самарқандқа тарихи көрнекі орындарға саяхат ұйымдастырылды.

      13 қыркүйекте «Қызмет көрсету секторы, туризм және қонақжайлылық: тұрақты даму және инновациялар» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Жастар туризімін дамыту үшін дөңгелек үстелде мынандай тақырыптар мен сұрақтар талқыланды,іс-шаралар туризмі, гастрономиялық туризм, елдің мәдениетімен танысу жолдарындағы қажылық туризмі, сондай-ақ экономикалық даму деңгейінің индикаторы ретінде іскерлік туризм, ішкі және сыртқы туризмді дамытудың жаңа тәсілдері, және инновацияларды пайдалану және жағдай жасау. Дөңгелек үстел барысында туризм мамандығының 2 курс студенттері Сатқали Илан «Гастрономиялық туризм», Ғалымова Маржан «Ішкі және сыртқы туризмнің дамуы: жаңа тәсілдер», Муратұлы Мәди «Оңтүстік Қазақстанда туризмді дамытудың талдауы» баяндамаларын қорғады.

Фестиваль бағдарламасына Өзбекстанның аспазшылар қауымдастығы ұйымдастырған өзбек палауын  әзірлеу бойынша шеберлік сыныбы, Өзбекстанның Ұлттық қуыршақ театрының қойылымы, футболкаларға сурет салу шеберлік сабағы, би шайқалары кірді.

Печать