Магистранттардың ғылыми практикасы

2019 жылдың 21-нші қазанына бастап, Абылай хан атындағы ҚазХҚжәне ӘТУ-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің «6М011900- Шетел тілі: екі шет тілі», «6М020700-Аударма ісі» мамандықтары бойынша Сатаева  А.Д., Сазанбаева А.А., Толеген А., Искендрқызы А. және Базарбаева А.Н., Аширалиева Б. М. магистранттарының ғылыми-зерттеу тағылымдамасы басталды.

Университеттер арасындағы Ынтымақтастық туралы келісім (меморандум) аясында, магистранттардың ғылыми тағылымдамасы  Абылай хан атындағы ҚазХҚжәне ӘТУ-нің ғылыми-зерттеу зертханаларында жүзеге асырылады.

Ғылыми тағылымдамадан өту кезеңінде магистранттар университеттің белді профессорлары мен доценттерінің сабақтарына қатысуға және жетекші ғалымдардан магистрлік диссертация мен ғылыми мақаланы жазуына қатысты кеңестер алуына мүмкіндіктері  болады. Магистранттарға ҚазХҚжәне ӘТУ-нің желілік электронды ресурстарға, ақпараттық және мультимедиялық  ресурстарын пайдалануға мүмкіндік беріледі.

Печать