«Шын журектен»

27.10.2019 ж. Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті Шығыстану факультеті студенттері және "Түркітілдес журналистер қоры" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен "Жанұя" балалар үйі бүлдіршіндеріне арнап "Шын жүректен" атты концерттік кеш өткізді.

Көңілді кеш барысында орталықтың меңгерушісі Гүлнар Мауленова ханым мен Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызына сөз беріліп, Шығыстану факультеті студенттерінің "Жанұя" орталығы үшін дайындаған билерімен, көңілді әндер, түрлі ойындармен жалғасын тапты. Сонымен қатар, кеш соңында балапандарға арнайы дайындалған тәттілер таратылып, "Алладин" мультфильмі көрсетілді.
Осы шараға атсалысқан факультет студенттеріне және қаржылай қолдау көрсеткен жандарға алғыс білдіреміз!

Печать