Абылай хан атындағы Қазақ ХҚжәнеӘТУ-де БҰҰ Күні өтті

24-қазанда 2019 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Күніне орай Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері университетінде БҰҰ Моделі клубының ашылу салтанаты өтті. Оған сыйлы қонақтар ретінде Абылай хан атындағы Қазақ ХҚжәнеӘТУ Ректоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Құнанбаева С.С., БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі Властимил Самек, Алматы қаласындағы СІМ Өкілдігінің басшысы Искаков Е.У., Саяси топтың басшысы Аренова А.А. шақырылды. Өз сөздерінде олар аталмыш Клуб қызметінің «Аймақтану» және «Халықаралық қатынастар» мамандықтарының келешегіне қосатын зор үлесінің маңызды екенін атап өтті.

Ашылу салтанатының барысында «Кенияда балалар еңбегін заңсыз пайдалану» тақырыбы бойынша БҰҰ-ң мини Моделі өткізілді. Онда делегаттар пікір алмасып, осы мәселенің шешу жолдарын ұсынды. Соның нәтижесінде болған марапаттау рәсіміне ХҚФ деканы Шайморданова З.Д., ХҚ және аймақтану кафедрасының оқытушысы Джозеф Уильямс қатысып, өз ризашылықтарын білдірді.

Осы шараны ұйымдастыруға жауапты болғандар: БҰҰ Моделі Клубының жетекшілері «Аймақтану» мамандығының студенттері - Жанысова К.Н., Нығметова Б.М., Клуб командасының белсенді мүшелері Жандеш А.Б., Кенжегалиева А.С., ХҚФ деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Исалиева А.М.

Печать