ХҚФ Холокост құрбандарын еске алу күнінде

2020 жылдың 27 қаңтарында Алматы қ. Достық үйінде Халықаралық Холокост құрбандарын еске алудың халықаралық күні өтті. Оны "Мицва" қауымдастығы, Еуроазиялық Еврей Конгрессі және БҰҰ Ақпараттық Бюросы ұйымдастырды. Аталмыш іс-шараға ХҚФ оқытушылары (Исалиева А. М., Абдразакова Л.) және студенттері шақырылды.

Студенттер үшін Қазақстанға көшірудің арқасында жүздеген мың адам өз өмірін сақтап қана қоймай, оқуын, жұмысын, ғылыми қызметін жалғастыра алғандарын білу өте пайдалы болды. "Мицваның" басшысы атап өткендей: "Қазақтар эвакуацияланған адамдармен барымен, яғни баспанасымен, тамақ, киім-кешекпен бөлісті". Бұл шынайы батырлық пен адамгершіліктің үлгісі.

Аса құрметті қонақтар ретінде ҚР СІМ өкілдігінің басшысы, дипломатиялық корпус өкілдері, ғылыми және қоғамдық орта өкілдері қатысты.

Печать