Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Шетел тілдері педагогикалық факультетінің студенттері Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрімен кездесу өткізді

2020 жылдың 29 қаңтарында ҚазХҚжӘТУ Шетел тілдері педагогикалық факультетінің студенттеріне Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетовпен кездесуге мүмкіндік бұйырды.

Білім және ғылым Министрі А. Қ. Аймағамбетов өз сөзінде еліміздегі саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды жүзеге асыру ісіндегі білім беру жүйесінің ерекше рөлін атап өтіп, 2020-2025 жылдарға арналған Білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мәселелерін қозғады. Ол 2016 жылдан бастап енгізілген өзгерістерді атап өтті — жаңартылған бағдарлама, бағалаудың жаңа жүйесі және т.б.

Осы кездесу аясында Министр сондай-ақ мұғалімдердің жалақысын көтеру, болашақ педагогтарға арналған критерийлер, білім беру сапасын арттыру және білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, ол "Мұғалімдер қандай болады, балалар қандай білім алады — біздің болашағымыз осыған тікелей байланысты. Болашақтың кілті мұғалімдердің, оқытушылардың және оқушылардың қолында"- деді.

Шетел тілдерінің болашақ мұғалімдерін дайындау академик С.С. Құнанбаеваның когнитивті-лингвомәдени әдіснамасына негізделген, ол шет тілді білім беруде құзыреттілік көзқарасты жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрімен кездесу қазіргі қоғамдағы педагог мәртебесінің маңыздылығын тағы бір рет атап көрсетеді.

Печать