«Хәрри Поттер мен Пәлсапа тас»

Дүние жүзінің 80 тіліне аударылған әйгілі британ жазушысы Жоан Роулиңнің Хәрри Поттер кітаптар сериясы енді қазақ тілінде сөйлеп, «Хәрри Поттер мен Пәлсапа тас» деген атпен  «Steppe&World» баспасында жарық көрді. Кітапты аударған үш аудармашының екеуі – Саят Мұхамедияр мен Нәркез Берікқазы Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастан және Әлем Тілдер Университеті, Аударма және филология факультетінің түлектері. Наркез Берікқажы аудармашы-синхронист мамандығы бойынша білім алса, Саят Мұхамедияр жазбаша аудармашы мамандығын тәмамдап, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Америкада магистратура бөлімін бітіріп, қазіргі кезде университетіміздің Аударма және мәдениетаралық қатынастар коммуникация кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеуде. Бүгінгі күні бірінші кітап жарық көрді, екінші кітап аударылу үстінде. Алдымыздағы жылы қалған бес кітабы жарық көреді деп жоспарлануда. Әріптестерімізге сәттілік тілейміз!   

Печать