Қазақ халқының Ұлы ұлы Абай Құнанбайұлының туған күніне 175 жыл толуына орай "Индустрия 4.0: ұрпақтар диалогы және жас ғалымдарға арналған жаңа бағдарлар» атты VII халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

6 ақпан күні ҚазХҚжӘТУ-да. Абылай хан қазақ халқының ұлы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай "Индустрия 4.0: ұрпақтар диалогы және жас ғалымдарға арналған жаңа бағдарлар" атты жас ғалымдар мен мамандардың VII республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Конференцияға Қазақстанның көптеген танымал ғалымдары қатысты, атап айтқанда: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің шет тілдерін оқыту әдістемесі кафедрасының доценті А.Х.Хайржанова, Р.Б. Сүлейменов атындағы  Шығыстану институтының жетекші ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің мүшесі, т.ғ.к., доцент, шығыстанушы ғалым, философ және мәдениеттанушы Байдаров Е.У,  Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кафедрасының профессоры Т. А. Дженетаев.

Конференцияның негізгі мақсаты-жас ғалымдардың, студенттер мен оқытушылардың ғылыми-зерттеу қызметін жандандыру, олардың ғылыми ой-өрісінің кеңеюіне және әр түрлі ғылыми бағыттар арасындағы байланыстардың кеңеюіне ықпал ету, өзекті ақпаратпен алмасу, жастардың инновациялық әлеуетін анықтау және дамыту.

 

Печать