Алматы қаласындағы МИФГ Банк Өкілдігінің басшысы Есихиро Уцуми мырзамен кездесу сәтті өтті

2020 жылдың 11 ақпанында Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ шығыстану факультетінде Алматы қаласындағы МИФГ Банк Өкілдігінің басшысы Есихиро Уцуми мырзамен кездесу сәтті өтті. Есихиро Уцуми мырза біздің факультеттің қадірлі қонағы және бұл кездесу алғашқысы емес. Осы  жолы "сөз сөйлеу - сұрақ"кездесу форматы дайындалды. Студенттер жапон тілінде шағын баяндамалар мен сұрақтар дайындады. Жапон компанияларындағы іскерлік этикеттің ерекшеліктерінен бастап, жапондықтар мен қазақстандықтардың менталитетіндегі айырмашылықтарға дейінгі әр түрлі тақырыптар бойынша мәселелер қозғалды. Әсіресе студенттерді Жапонияда жұмысқа орналасу мүмкіндігі қызықтырды. Есихиро Уцуми мырза шетелдік мамандарды іріктеу критерийлері туралы айтып, түрлі сұрақтарға жауап берді. Осындай кездесулер студенттер үшін жапон тілі мен мәдениеті бойынша өз білімдерін тереңдетуге жақсы ынта болды деп үміттенеміз.

Печать