Университетіміздің Шет Тілдері Педагогикалық факультетінің «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша білім алып жатқан 2-ші курс студенттері ақпанның 3-і және 14-і аралығында педагогикалық және психологиялық оқу-тәрбие жөнінде тәжірибеден өтті.

Университетіміздің Шет Тілдері Педагогикалық факультетінің «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша білім алып жатқан 2-ші курс студенттері ақпанның 3-і және 14-і аралығында педагогикалық және психологиялық оқу-тәрбие жөнінде тәжірибеден өтті. Тәжірибе барысында студенттер оқушылармен тәрбие сынып сағаттарын өткізе отырып,  қосымша сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырды. Іс-шаралар шет тілдік білім берудің заманауи әдіс-тәсілдердін сонымен қатар ақпараттық технологияларды қолдана отырып ұйымдастырылғандықтан оқушылардың ынтасын арттырып, ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын дамытты. Студенттер іс-шаралар барысында оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, «Sport in our life», «Bremen town musicians», «Merry school», «Enjoy English», «Exploring Space», «Funny English» және тағы басқа тақырыптарда сынып сағаттарын өткізді. Жалпы тәжірибе барысында студенттердің оқушылармен жұмыс жасау қабілеттері дамып, болашақ мамандыққа деген қызығушылықтары артты.

Печать