Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің магистранттары Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де ғылыми тағылымдамадан өтуде

2020 жылдың 10-22 ақпан аралығында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 2 курс магистранттары, 17-26 ақпан аралығында Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің   "6М011900 – Шет тілі: екі шет тілі" мамандығы бойынша 2 курс магистранттары Қазақстанның жетекші ЖОО – Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де ғылыми тағылымдамадан өтуде. Аталмыш ЖОО арасында әлеуметтік серіктестік және өзара тиімді ынтымақтастық туралы шарт бар.

Ғылыми тағылымдамадан өту барысында университеттің инфрақұрылымымен танысуға ерекше көңіл бөлініп, магистранттар кітапханаларға, оқу залдарына, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кафедраларына, тіл және коммуникация практикаларына, өзге тілді білім әдістемелеріне, сондай-ақ Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ мұражайына барды. Тағылымдама Кармысова М.К., Кузнецова Т.Д., Джусубалиева Д.М., Раев Д.С., Шайморданова З.Д.  т.б. сияқты жетекші профессорлардың дәрістерін тыңдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл тағылымдама оқу семинарлары мен дөңгелек үстелдерге белсенді қатысу кезінде теориялық білім алады және зерттеуге дағдыланады, шет тілін оқыту әдістемесіндегі жетекші университеттің білім беру жүйесімен таныса алады. Тағылымдама аяқталғаннан кейін магистранттар "дөңгелек үстел" жұмысының сертификаттарын алады.

Печать