Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де БҰҰ Моделі өтті

2020 жылдың 19-20 ақпанында Халықаралық қатынастар факультетінің ұйымдастыруымен Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетінде  Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттілік күніне орай БҰҰ-ның Моделі сәтті өткізілді. Аталмыш іс-шараға КИМЭП, КНУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, UIB, СДУ, ҚазАТК, КБТУ, Тұран және Назарбаев Зияткерлік мектебінен 150-ден астам студенттер қатысты. Конференцияның ашылу салтанатына ҚР СІМ өкілдігінен, БҰҰ өкілдігінен, Алматы қаласындағы Бас Консулдықтардан қонақтар шақырылды.

Конференцияның жұмысы барысында 3 комитеттің отырысы өтті. Олар: БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі, Қоршаған орта жөніндегі БҰҰ бағдарламасы, БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесі. Делегаттар түрлі елдердің өкілдері ретінде Австралиядағы өрт дағдарысы, Әлемдік экономикадағы әлеуметтік әділеттілік және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің құрамын кеңейту сияқты жаһандық мәселелердің шешілу жолдарын белсенді талқылады.

Бұл іс-шара студенттердің бойындағы сыни ойлау, шешендік өнер дағдыларын, келіссөздер жүргізу машықтарын дамытуға елеулі үлес қосады.

Печать