Халықаралық ана тілі күніне арналған шығарамашылық кеш

2020 жылдың 21 ақпанында Халықаралық ана тілі күніне орай Халықаралық Қатынастар Факультетінің студенттері Алматы қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы Өкілдігінде Әл-Фараби атындағы ҚҰУмен біріге шығармашылық кешті ұйымдастырды.

 Іс шараның басты мақсаты - жас буынды өз ана тілдеріне деген құрметке баулу.  Ерекше таңқалдырғаны - іс шарада қазақ тілінен басқа, орыс, француз, итальян, қытай және үнді тілді көріністер орын алды. Бұл - Қазақстандағы барлық ұлт өкілдерінің өз ана тілдеріне деген сүйіспеншілігінің айқын белгісі.

Осындай мүмкіндің бергені үшін Алматы қаласындағы БҰҰ-ның жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі - Властимил Самек мырзаға шексіз алғысымызды білдіреміз.

Печать