Путешествие в мир профессий

Егер театр ілгіштен басталса, онда ЖОО-ны Ашық есік күнінен басталады. Дәл осы кұннен кейін талапкерлердің көпшілігі түпкілікті шешім қабылдайды: таңдалған университетке түсу немесе жоқ. Біздің міндетіміз - талапкердің "келіп - естіп-көріп, оқуға түсу"үшін университеттің барлық артықшылықтарын көрсету.

Оқу орындарының көпшілігі көктемде немесе күзде Ашық есік күндерін өткізеді. Біздің университет жыл сайын ақпан айында ұйымдастырады. Биылғы жылы бұл мереке 21 ақпанда өтті. Бұл іс-шара туралы ақпарат кеңінен жарияланды: ЖОО-ның ресми сайты мен әлеуметтік желілеріндегі хабарландырулар, арнайы басылымдардағы анонстар алдын ала дайындалып  жіберілді.

Міне, өтетін уақытта келіп жетті, Абылай хан атындағы университет өте маңызды кездесу үшін өзінің қонақжайлығын көрсетті. Студенттер кіре берісте талапкерлер мен олардың ата-аналарын қарсы алып тікелей залға дейін шығарып салды. Негізінен талапкерлер ресми бөлім басталғанға дейін жарты сағат бұрын келіп, күн тәртібімен танысуға, факультеттер өкілдері тарататын жарнамалық буклеттер мен әдістемелік брошюраларды зерделеу үшін келеді.

Іс-шараны ұйымдастыруға қатысқан ҚазХҚжӘТУ оқытушылары мен студенттері талапкерлерді университет өмірінің атмосферасына еңгізіп, ЖОО-ға түскеннен кейін студенттік өмірмен, сондай-ақ түсу сынақтарына дайындық туралы толық ақпарат берді. Сонымен қатар, болашақ талапкерлерге өзекті презентациялар мен бейнероликтер көрсетілді, ұсынылған білім беру бағдарламалары мен дайындық бағыттары туралы ақпарат берілді. Талапкерлер қабылдау комиссиясының мамандарына, әскери кафедра өкілдеріне және факультет студенттеріне өздерін қызықтырған барлық сұрақтарды қою мүмкіндігін пайдаланып, толық жауап алды.

Ашық есік күні тамаша жағдайда өтті. Жалпы санмен айтқанда 206 таплаткер қатысты. Білім беру бағдарламалары бойынша таныстыруды университеттің белсенді студенттері таныстырды.  Университеттің қабылдау комиссиясы оқуға түсу мәселелері бойынша толық ақпарат берді. Білім беру бағдарламаларын, сұрақтар мен жауаптарды таныстырғаннан кейін университет студенттері талапкерлермен тапқырлыққа интерактивті ойын өткізді. Талапкерлер белсенді қатысты, сондай-ақ қойылған сұрақтарға дұрыс жауап бергендер фирмалық толстовканың (университеттің логотипі бар) жүлдесіне ие болды. Қатысушылардың қуанышына шек болмады және барлығы Instagram-да өз сыйлықтарын көрсетіп қйымдастырушыларға ризалығын білдірді.

Талапкерлер дұрыс шешім қабылдайды деп үміттенеміз және сенеміз, ол көп жағдайда олардың өмір мен мансабындағы келешектері мен жетістіктерін алдын ала анықтайды!

Печать