Кармысова М. К. Шайморданова З. Д профессорлардың Гумилев атындағы ЕҰУ, Ш. Уәлиханов атындағы ҚазҰПУ, ҚМУ магистранттары үшін дәрістері

25.02.2020 жылы біздің университетте ғылыми тағылымдамадан өтіп жатқан Гумилев атындағы ЕҰУ және Ш. Уәлиханов атындағы ҚазҰПУ, ҚМУ 2 курс магистранттарына арналып жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кафедрасының профессоры М. К. Кармысова бастауымен «Университеттің әдістемелік мектебінің еңбектерінде шет тілді білім беруді ұйымдастырудағы инновациялар туралы» тақырыбына  лекция өтілді. Өзінің дәрісінде Мари Камаловна ҚазХҚжӘТУ ректоры С. С. Құнанбаеваның жетекшілігімен шет тілді білім берудің жалпыеуропалық және ұлттық модельдері мен стандарттарын үйлестіретін ұлттық шет тілді білім берудің халықаралық-бейімделу жүйесі енгізілді, сонымен қатар "Қазақстан Республикасында шет тілді білім беруді дамыту тұжырымдамасы" әзірленгенін атап өтті.

Осы күні тарих ғылымдарының докторы, профессор, халықаралық қатынастар факультетінің деканы З. Д. Шайморданова тағылымдамадан өтушілер үшін "ғылыми зерттеулердің әдіснамасы" тақырыбында дәріс өткізді». Зарема Джуандыковна қазіргі заманғы ғылымның әдіснамасы, ғылыми таным әдіснамасы,  ғылыми зерттеудің ерекшеліктері, ғылыми білімнің өлшемдері, таным теориясының құрылымы, әдіснамалық негіздеменің түрлері және ғылыми зерттеудің негізгі кезеңдері туралы қызықты және егжей-тегжейлі баяндап берді. Дәріс соңында қазіргі ғылым методологиясы мәселелері бойынша сұрақтар қойылды. Білім беру бағдарламалары аясында жастарды ғылымға тарту мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.

Печать